Мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібі ұсынылды

Көркем Алдабергенова 14 янв. 2026 17:33

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесін өзгерту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Енді директорлар бірден ұзақ мерзімге емес, алдымен екі жылға бекітіледі. Егер осы кезеңде мектептегі білім сапасы, оқушылардың нәтижесі, қауіпсіздік пен педагогтердің кәсіби деңгейі жақсарса, басшыға тағы екі жыл жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі.

Бұл бастама туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 14 қаңтар күні өткен Оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында айтты. Министрдің сөзінше, бұл тәсіл мектеп басшыларының нақты нәтижеге жұмыс істеуін талап ететін тетікке айналуы тиіс.

Жаңа механизм министрлік деңгейінде бұйрық ретінде бекітіліп қойған.

Қазіргі тәртіп бойынша мектеп директорлары бірден төрт жылға тағайындалады. Алайда іс жүзінде бұл жүйе толық жұмыс істемейді: кейбір мектептерде директорлар ондаған жыл бойы ауыспай отырған. Бұған дейін министрлік мұндай жағдайлардың бар екенін ресми түрде мойындаған.

 
 

Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove