Мектеп директоры пара алу кезінде ұсталды (видео)

Dalanews 04 дек. 2019 08:28 1011

Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлық қызметімен "Байзақ ауданының білімі бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі" ММ директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
Ол бір азаматтан мектепалды сыныбы мұғалімі лауазымынан бастауыш сынып мұғалімі ретінде ауыстырғаны және жалпы қамқорлығы үшін 90 мың теңге пара алды деп күдіктелуде.

Күдіктінің және қорғаушының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу туралы өтінішхатына және келу туралы міндеттемені алғанына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

 

https://youtu.be/hYuBFTZJaLc

Рекомендовать
Последние новости