Медведевпен жүздескен Мәсімов Кенесары туралы жақ ашқан жоқ

Dalanews 12 авг. 2016 10:41 805

Ресей премьері Медведев Қазақстан Үкіметінің басшысы Мәсімовпен кездесуде Кейкі батырдың басын қайтару мәселесін қарастыратынын айтты. Бұл туралы "Интерфакс" хабарлайды. 

Медведевпен кездесу барысында Мәсімов 1917 жылғы оқиғаларды тілге тиек етті.

"Біздің бір сауалымыз бар. Сол жылдардағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі Кейкі батырдың бассүйегі ұлы Петр атындағы Ресей ғылым Академиясының антропология және этнография мұражайында тұр. Сізден сұрарым бәлкім тапсырма берерсіз, бәлкім осы мәселені шешуге атсалысарсыз. Бәлкім біз алмасармыз немесе оны бассүйегін Қазақстанға қайтарып, туған топырағына жерлеу үшін басқа да жолдарын тапсақ жөн болар еді. Қазақ үшін бұл өте маңызды мәселе" – деді Мәсімов.

"Күмәнданбаңыз. Мен бұл турасында ауызша тапсырма беремін немесе қағаз жүзінде бекітемін. Мұны қарастыратын боламыз. Сосын сізбен хабарласып соңғы шешім қабылдаймыз", – деді өз кезегінде Медведев.

Кейкі батыр 1916 жылғы Торғай көтерілісінің көрнекті көсемдерінің бірі. 1926 жылы Кейкі батырдың бассүйегі Санкт-Петербургтегі Кунсткамераға жеткізіледі.

Екі елдің Үкімет басшыларының кездесуі Сочиде өтіп жатыр.

Рекомендовать
Последние новости