Ханның басын Президент сұрайтын жөні бар еді

Dalanews 12 авг. 2016 09:57 850

Баяғыда "Ақжол Қазақстан" газетіне "Атаңның басы" деген мақала шығып еді. Кененің басы - атамыздың басы екені рас.

Бірақ, Кенекемнің қасиетті басымен ойнау қауіпті. Ол бас - ұлттың тұтас тарихи психологиясы жасырынып жатқан бас. Ханның басын іздеуде қаншама талпыныстар болды. Бәрі сәтсіз. Мәсімовтің сөзі егер пиар болса, онда үлкен қателік. Тіпті Кене мен Кейкі батырдың бас сүйегін сұрап, алып келемін деп айтудың өзі Президенттің алдын орауы...

Ханның басын Президент сұрайтын жөні бар. Жарайды, бірақ, Мәсімов мұндай салмағы ауыр сөзді неге айтты... Гәп сонда... Бас жаққа бір-ақ барысқан екен, ақырын күтейік!

Өміржан Әбдіхалықтың Facebook-тегі парақшасынан алынды


Рекомендовать
Последние новости