Майқайыңда шахтаға құлаған автобустың бөлшектері табылды

Dalanews 17 янв. 2024 04:09 1342

Майқайыңда орға құлап, көміліп қалған автобус жатқан жерге техника жетті. Енді оған жету үшін шағын эксковатормен тереңдігі 5-6 метр болатын құмды аршу қажет, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, автобустың болжамды орналасқан жеріне арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін барлығы 200 мың тоннадан аса топырақ пен тау жыныстары шығарылды.

"Майқайың-алтын" АҚ аумағындағы опырылған шұңқырдың түбіне шағын көлемді экскаватор түсірілді. Жұмыстар асқан сақтықпен және барлық қауіпсіздік шарасын сақтай отырып жүргізіліп жатыр", - деп жазылған Павлодар облысының әкімдігі хабарламасында.


Жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыс құжаттары және жол-сапар журналы бар құтқарушылардың сөмкесі, сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автобустың шанақ бөлшегі табылды. Іздестіру жалғасып жатыр.

"Автобус болуы мүмкін жерге дейінгі топырақты қазып алу міндеті қойылған шағын экскаватордың жұмысы аяқталғаннан кейін мамандар оны жоғары көтеру жұмыстарын бастайды. Біз бұл жұмыстарды бүгін және ертең аяқтаймыз деп үміттенеміз. Іздестіру жұмыстарына барлығы 141 адам, 50 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп және 2 дрон жұмылдырылған", - деп жазылған Павлодар облысының әкімдігі хабарламасында.


Айта кетейік, Павлодар облысында құтқарушылар бар автобус жер астына түсіп кеткен болатын, кейін екі адам өлі табылды.

Рекомендовать
Последние новости