Майқайың тұрғындары Байхановтан көмек сұрады

Қаракөз Амантай 02 дек. 2024 14:50 920

Майқайың кентінің тұрғындары Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтан көмек сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, кент тұрғындарын өңір басшысы жеке қабылдады. 

Олар Асайын Байхановқа Майқайыңды жылумен толық қамту үшін қосымша қуат керегін айтты.

Өңір басшысы қазір энергетикалық аудит жүргізіліп жатқанын, оның қорытындысы бойынша кентті жылумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысы әкімі Асайын Байханов "Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы" тақырыбында өткізілген баспасөз конференциясында облыстағы рейдерлік мәселеге қатысты сұраққа жауап берген еді. 

"Бұл мәселеге қатысты прокуратураға сауал жолдау керек. Бұл мәселеден хабардармын. Құпия тергеудің мән-жайын айта алмаймын. Бұл - қарапайым өндірістік база, мұндай база өңірде 300-400-ге жуық. Оның ешқандай инфрақұрылымдық құны жоқ. Ол Қамзин көшесінде орналасқан", - деді әкім ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Бұған дейін Павлодарда қылмыс әлемінің серкесі ұсталдан болатын. 

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, 4 қарашада Павлодардың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірін рейдерлік басып алды деген күдікпен қылмыс әлемінің серкесі ұсталды.

Келтірілген шығын мөлшері миллиард теңгеден асады. 

"Жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы және жылжымайтын мүлкін рейдерлік басып алудың өзге де фактілері анықталып жатыр", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта рейдерлік жасады деген күдікті екі айға қамауға алынған.  

Артынша қылмыстық топқа қатысы бар адамдар да ұсталды. 

Қадағалау органының бастамасы негізінде жедел іздестіру шараларымен қылмыстық жетекшінің басшылығымен қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы қорқытып, құжаттарды бұрмалау арқылы кәсіпкерлердің мүлкін тартып алумен айналысқанын анықталды.


Рекомендовать
Последние новости