Майғазиев: "Әйел адам теңдік осы екен деп төбеге шықпауы керек"

Dalanews 01 нояб. 2017 11:46 972

МузАрт тобының мүшесі Сәкен Майғазиев сүйген қызарына тізерлеп, гүл сыйлап, сақина ұсынатын жігіттердің түсінбейтін айтты.

– Шынымды айтсам «романтик» деген сөзді ұнатпаймын. Тізерлеп отырып, сақина сыйлап, ұсыныс жасайтын жігіттерді, тіпті, түсінбеймін. Олар енді шетелдің фильмінен көргенді қайталап жүрген шығар. Бірақ, қазақтың азаматтары ешқашан тізерлемеген. Еркек деген абыройына дақ түсірмеген. Менің романтик болғым да келмейді. Бірақ, адамзаттың асылы Пайғамбарымыздың (с.у.с) жарына деген құрметін, сыйластығын, жақсы қарым-қатынасын үлгі етемін. Әйеліңізге, анаңызға, қызыңызға гүл беру керек. Бірақ, гүл беру үшін романтик болып міндетті емес. Жаныңызға жақын әйел баласына гүл сыйласаңыз, олардың жүзінде үлкен қуаныш пен бақыттың лебін байқайсыздар. Жоғарыда айтып кеттім ғой, бақыттысезіну үшін шетел асу қажет емес. Сол сияқты дүркіретіп той жасап, алтынға аптап, күміске көмкерудің қажеті жоқ.

«Жұбайлар бар әңгімесі таусылған.

Ал, махаббат таусылмайтын» - деген керемет өлең жолдары бар ғой. Бақыт деген ол екі жастың берген сертінен таймай, бір-біріне адал болып, сыйластықтарын сақтай білуі. Ал, қалғаны уақыттың еншісіндегі, бүгін бар, ертең жоқ дүниелер.

Өз кезегіне тілшінің "Сөзіңіздің жаны бар. Алайда, отбасын сақтап қалу оңай емес. Сіздің шаңырақтарыңыздағы тыныштық пен сыйластықты қалай сақтай алдыңыздар? Қызғаныш деген бар ма?" еген сауалына:

– Қызғаныш жас кезімізде болған шығар. Қазір біз ақыл тоқтатқан азаматтармыз. Сондықтан, қызғаныш деген қызыл итті сенімге жеңдіргенбіз. Берекелі отбасының басты кепілі – шариғат. «Әйеліңнің бір кемшілігін көрсең, бес артықшылығын еске түсір. Ұнамайтын қасиетін байқасаң, өзіңе ұнайтын қасиеттерін есіңе ал» дейді дінімізде. Мен жарымды қатты жоғары бағалаймын. Мен үшін жанын беруге дайын. Әсіресе, шығармашылыққа келген кезде алғаш болып қолдау көрсетіп, демеу болатын жан. Кейде «бұл маған жараспайды. Оны жастар кию керек қой. Менің жасым келді» деп айта қалсам «ерте қартаймаңызшы. Сізге керемет үйлесіп тұр» деп шабыт береді.
Өмір болғасын кейде психологиялық соққы алатын кездеріміз болады. Жақындарымызды жоғалтамыз. Сенген адамдардың сатқындығын көреміз. Сол кездердің барлығында керемет сырлас дос бола біледі.

Қиындықты, аштықты да, тоқтықты да бірге көрдік. Көп адамдар Сәкен Майғазиевті танып, соған ғашық шығар. Бірақ, мен жарым Майғазиев Сәкенге ғашық болған жан. Мені ешкім танымайтын кезде ғашық болып, азаматтылығымды бағалаған ару. Шаңырағымыздың шайқалмай тұруына сол кісі бірден бір себепші шығар. Ер азаматым деп қасым мен қабағыма қарап отырады. Бақытты, берекелі отбасына айналу үшін Алланы танып, қорқу керек. Мен өзімді сүттен ақ, судан тазамын демеймін. Бәрінің хаққысын беру керек. Әйелдің хақысы бар. Еркелегін көтеру керек. Бірнәрсе ұнамаса кешіру керек. Жаман ойламау керек. «Әйелді ері емес, ары ұстайды» деген сөз бар.
Әйел адам да теңдік осы екен деп төбеге шықпауы керек.

Өмір болғасын ақ пен қарасы да болады, проблема да болады. Малғұндардың араласпайтын жері жоқ, кейде сабырсыз болатын кезім болады. Шүкір, үнемі ол басыла қояды. Ең бастысы, кешірімді болу керек, – дейді белгілі әнші.

Дереккөзі: comode.kz

Рекомендовать
Последние новости