Матаевты қорғау үшін қол жинау басталды

Dalanews 22 февр. 2016 21:20 829



Қамауға алынған Қазақстан журналистер Одағының басқарма төрағасы және Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаевты қолдау үшін бас прокуратураға жолданатын үндеуге қол қою жүріп жатыр.





ҚазТАГ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, үндеуге 200-ден астам адам қол қойып үлгерген. Қазақстанның танымал журналистері әлеуметтік желілерде Сейітқазы Матаевввқа қолдау білдіріп жатыр.

"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымы таратып отырған үндеудің авторлары бас прокуратурадан бұл іс бойынша тергеуді ерекше бақылауға алуды және тергеудің мейлінше ашық жүруін қамтамасыз етуді сұрайды. Және заңмен бекітілген кінәсіздік презумпциясының сақталуына назар аударады.

Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің директоры Әсет Матаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының Алматыдағы бөліміне әкетілген. Біраз уақыттан соң Әсет Матаев босатылғанымен, Сейітқазы Матаев әлі де қамауда.

Құзырлы органдар ҚазТАГ пен Ұлттық баспасөз клубы 2011–2015 жылдары қолды болған 300 миллион теңге (қазіргі бағаммен 850 мың доллар) қазынаның қаржысына қатысты іс бойынша күдікке ілінгенін хабарлайды. Айыптауды жоққа шығарған Матаевтар болып жатқан оқиғаны «үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ-қа қысым көрсету» деп бағалады.



Рекомендовать
Последние новости