Мәскеу скинхедтерінен жақсылап таяқ жесе орысқұлдардың санасы өзгерер еді

Dalanews 26 авг. 2016 10:04 960

Қаламгер Марат Тоқашбаев соңғы күндері әлеуметтік желіде жиі талқыланған, сонымен бірге біздің сайтымызда жарық көрген Қазақстандағы орыс халқының мәселесі мен тағдырына қатысты талқыға үн қосыпты. Оның айтуынша, дәл қазір бізге қазақтың ұлттық мүддесі жолында күресіп жүрген азаматтарды сақтап қалу керек. Қаламгердің өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбасын қаз-қалпында бердік. 

12045504_10208855639337836_5878032352215073484_o
Марат Тоқашбаев
«Осы әлгінде ғана Азамат Хайсин‎ деген әлеуметтік желі пайдаланушысы қазіргі Ресей билігіне тіл тигізді деп біздің Әзімбай Ғали, Мұхтар Тайжан сияқты жігіттерімізді, ғалымдар мен жазушыларымызды жерден алып, жерге салып сөгіп жатқан соң қолға қалам алуға тура келді. Құрметті Азамат Хайсин мырза, Сіз Ресейге жақтаспай-ақ қойыңыз. Орыс халқына адвокаттың қажеті жоқ.

Біз орыстарды емес, өзіңіздегі сияқты орысқұлдық психологияны жек көреміз. Біз, қазақ халқы, орыс халқын жек көрмейміз. Бізге оның қазіргі билігінің арам саясаты, ұлыорысшылдық шовинизмі, империялық амбициялары, Қырымды аннексиялауы, Грузияға, Украинаға тізе батыруы ұнамайды.

Кейбір саясаткерлерінің Қазақ жеріне көз алартқаны ұнамайды. «Қазақстанға әскер кіргіземіз» дегені ұнамайды. Кеше Питерде өткізген нацистерінің құрылтайлары ұнамайды. Скинхедтерінің қазақ азаматтарын өлтіріп кетіп жатқаны ұнамайды. Ал біз Қазақстандағы орыс диаспорасын ешқашан кемсіткен емеспіз.

Тіпті өзіңіз де сол диаспораның тілінде сөйлеп жүрсіз ғой. Ресеймен достығымыз да орынды шығар. Бірақ зиялы қауым өкілдері өте жақындасудың қажеті жоқ деп есептейді.
Ресеймен одақтас болғаннан әлемде бір де бір мемлекет керемет дамып, алға басып кеткен жоқ!

Бәрінде «бардак». Әлде сіз Қазақстанның да сондай шалажансар күйде қала беруін қалайсыз ба? Технологиялық артта қалған Ресейден емес әлемнің озық елдерінен үйренуіміз керек. Сондықтан дұрыс пікір айтатын Әзімбай, Мұхтар сияқты азаматтарымызда шаруаңыз болмасын.

«Бүйректен сирақ шығармай» қайта ден қойыңыз. Оңды пікірлерге құлақ түріңіз. Құдайға шүкір,

Қазақ зиялылары қазір орысқұлдық санадан арылып келеді.

Мәскеу скинхедтерінен жақсылап бір таяқ жеп келсеңіз, Сіздің де пікіріңіз қолма-қол өзгеретініне күмәнім жоқ. Ал өте күйіп бара жатсаңыз шоқынып алып, Ресей азаматтығына неге ауысып кетпейсіз?!» деді ол.

Рекомендовать
Последние новости