Мәсімовтың шала-пұла қазақшасына қуанудың өзі қисынсыз

Dalanews 15 июл. 2016 09:18 839

Журналист Жанболат Мамай көптің көкейіндегі дүниені айтқандай. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Моңғолияға барып, қазақша сөйлеген Мәсімовке қатысты пікірін білдірген журналист "бұған қуанудың өзі қисынсыз"екенін айтыпты. Бұл туралы kaz.365info.kz жазады. 

 – Қазақстанда қазақша сөйлемейтін Кәрім Мәсімов Моңғолияда  үкіметін өзі басқаратын елдің мемлекеттік тілінде сөйлепті.
"Бәрекелді!" дегенді айтып жатыр біраз жұрт. Олай айта алмаймын, – дейді Жанболат Мамай.


Журналистің айтуынша, егер үкімет, билік "шетте жүрген қандастарды Қазақстанға қайтаруға бар жағдайды жасаймыз! Келіңдер! Отандарың сендерде күтеді! Қазағым, Алашым Қазақстанда көгерсін, өссін" десе, бөрікті аспанға атып, қуануға болар еді.

– Ал 10 жылға жуық үкімет басқарып, қазақша 10 сөйлем айтпаған премьер бүгін шала-пұшық мемлекеттік тілде сөйледі деген мақтан емес,



- дейді ол сөзінің соңында.


Рекомендовать
Последние новости