Марқұм кәсіпкер Бақыт Ибрагимовтен тәркіленген үй сатылымға қойылды

Көркем Алдабергенова 22 окт. 2024 11:04 3560

Марқұм кәсіпкер Бақыт Ибрагимовтен тәркіленген үй сатылымға қойылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Шымбұлақтағы екі қабатты үй 2020 жылдың қарашасында тәркіленген болатын. Ғимаратты тәркілеу туралы қаулыны Алмалы аудандық соты шығарды. 

Коттедж бұрынғы Горный, қазір Керей және Жәнібек көшелерінде орналасқан. 

Саудаға қойылған үйді сатып алушы да табылған. Алайда сауда нәтижесі жойылған. Енді үй қайтадан сатылымға шығып, 380 миллион теңгеге бағаланып отыр. 

Еске салайық, 2020 жылы Бақыт Ибрагим Жомарт Ертаевпен бірге RBK Bank-те "қаржы жымқырды" деп сотталып, 2023 жылы күзде босап шыққаны көпшілікке мәлім.

14 наурызда банкир Бақыт Ибрагим өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Бұған дейін ол Qazaq banki ірі банкін басқарып, тіпті оның акционері болған. Оқиға орын алған күні Алматы полиция департаменті қайғылы жайтты растаған еді. Сонымен қатар суицид болғанын мәлімдеді. Бақыт Ибрагимов 1985 жылы 28 мамырда туған. 

Кәсіпкердің жеке өміріне қатысты мәлімет жоқтың қасы. Кей мәліметтерде оның бұрынғы әйелі Меруерт Әбдір екені айтылады. Меруерт Әбдір – Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызы.


Рекомендовать
Последние новости