Марат Жыланбаевтың түрмеден жазған хаты жария болды

Көркем Алдабергенова 16 апр. 2025 13:02 197

Қазақстандық ультрамарафоншы, суретші, оппозиционер, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат Жыланбаевтың түрмеден жазған хаты жария болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина әлеуметтік желіде қазір түрмеде аштық жариялап жатқан марафоншы Марат Жыланбаевтың хатын жариялады. Хат Ақмола облыстық прокурорына жолданған. Онда Жыланбаев “аштықты емдік мақсатта жариялап отыр” деген ақпаратты жоққа шығарып, “бұл барып тұрған жалғандық” деп мәлімдейді.

– 18 қаңтарда аузымды скрепкамен тіктім. Сол жылы 5 ай бойы – 151 күн аштықта болдым. Бұл менің алтыншы аштық жариялауым. Қазір мұнда маған шығармашылықпен айналысуға да, стадионда жүгіруге де мүмкіндік бермей отыр. Барлық жұмыс құралдарымды тартып алды. 5 сәуір күні жуынуға кеткенімде тәртіптік изоляторда қағаздарым жоғалып кеткен.18 ақпанда қақпаннан 29-тышқанды ұстадым. Менің аштығым – бұл мені заңсыз қамауға алған жүйеге қарсылығым. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мені саяси тұтқын деп таныды, – делінген хатта.

Хат 7 сәуірде жазылғанымен, оны құқық қорғаушы 15 сәуір күні жариялаған.

Айта кетейік, 26 наурызда Марат Жыланбаев сот үкіміне және түрмеде өзіне жасалған қысымға байланысты аштық жариялаған болатын. Адвокатының айтуынша, 5 сәуірде ол мекеме әкімшілігінің әрекетіне наразылық ретінде аузын тігіп, прокурор келген соң бірнеше сағаттан кейін тіккен жерін шешіп тастаған. Бұған дейін Ақмола облысы ҚАЖД Жыланбаевтың сот шешімімен келіспеуіне байланысты аштық туралы өтініш бергенін айтқанымен, оның нақты аштық жариялағанын растаған жоқ.


Рекомендовать
Последние новости