Мақтаарал ауданында мақта теру науқаны қызып тұр

Dalanews 24 сент. 2021 04:04 1210

Өткен жылы топан судан зардап шеккен Мақтаарал ауданы еңсесін қайта тіктеп келеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында қарқынды даму байқалады. Ақ алтын егумен аты шыққан өңір шаруалары биыл 35 мың гектарға мақта шитін сеуіпті. Қазігі таңда мұндағы шаруалар мақтаға қажетті агротехникалық шараларды аяқтап, ақ алтын жинау науқанын қызу жүргізіп жатыр. Мақта жинау техникалары, зауыттар мен қабылдау бекеттері қызу жұмысқа кірісіп кеткен, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқылардың бірі болып, ақ алтын жинауға кіріскен шаруалардың бірі – Жамбыл ауылдық округінің тұрғыны Қанат Айботаев. "Айбота" шаруа қожалығы биыл көктемде  5 гектар жерге "Мақтаарал-4011" сортын еккен.  Агротехникалық шараларды толық орындаудың арқасында бірінші терімнің өзінде 25 центнерден өнім алыпты. Мақта теріміне жергілікті ауыл тұрғындарын тартыпты. Оларға келісіне 30 теңгеден ақы төленуде. Қожалық басшысы жинаған өнімін "Cotton-Мақта" ЖШС мақта өңдеу зауытына өткізбекші екен.

– Есіл еңбектің еселеп қайтуы қиын. Десек те, биылғы мақта бағасы былтырғыдан салыстырғанда жоғары болып тұр. Қазірдің өзінде 250-260 теңгенің төңірегінде сатылуда. Егер баға дәл осылай көтеріңкі болып тұрса, шаруалардың барлық шығыны өтеліп, табысы да молаяр еді, – дейді  Қанат Айботаев.

Мақта терімі науқанын сәтті жүргізу үшін техникалардың дайындығы үлкен рөл ойнайды. Осы мақсатта ауданда мақта теру  комбайндары толық  жөндеуден өтіпті. Жалып аудан бойынша мақта теріміне 567 доңғалақты  трактор, 850 дана тіркеме мен  162 дана мақта терім машинасы қатысуда. Осының арқасында ауданда мақтаны машиналық әдіспен теруді 70 пайызға жеткізу жоспарланған.

– Мақта зауыттары аудандағы ауыл округтердің бәрінде мақта қабылдау бекеттерін ашып, шаруаларға ыңғайлы жағдай жасауда. Қазіргі таңдағы басты мақсат – мақтаны жауын –шашынға ұрындырмай жинап алу. Егер күзгі жауын-шашын кезеңі басталып кетсе, шаруалардың ақ алтыны сапасы жоғалтып, сортын төмендетіп алады. Осыны ескере отырып, аудан әкімдігі шаруаларды жиын-терім жұмыстарына  жүйелі түрде жұмылдыруда, – дейді ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Баязит Әлімқұл.

Биыл ауданда мақта өңдейтін 8 зауыт және 64 мақта қабылдау бекеті шаруаларға қызмет көрсетіп, мақта қабылдауда. Сондай-ақ, күзгі дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен жанар -жағармай шаруаларға уақытылы  таратылуда.  Айта кетейік, қазірдің өзінде ауданда 3 мың тоннаға жуық мақта терілген.

Тағы оқыңыз:

Рекомендовать
Последние новости