Маңғыстаулық ұстаз шәкірттерін қолөнерге баулып жүр

Dalanews 15 февр. 2021 12:49 952

Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылындағы №8 мектебінің технология пәнінің мұғалімі Айболат Бабаназаров ағаштан қолөнер бұйымдарын жасап, кәсібін шәкірттеріне үйретуде. Бұл туралы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алма Мұханова мәлім етті.

Айболат Бабаназаров ағаштан бұйым жасаумен бала кезінен айналысып бастаған. Ол 2002 жылдан бері ауыл тұрғындарының тапсырысымен үй жиғаздарын жасауға ден қойыпты.

– 2015 жылы мектепке технология пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа орналасқаннан кейін ағаштан түрлі қолөнер бұйымдарын жасауды қолға алдым. Қазіргі таңда өнердің осы түріне шәкірттерімді де үйретіп жүрмін, – деді Айболат Бабаназаров.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алма Мұханованың айтуынша, Айболат «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы», «Үлгілі педагог» сайыстарына оқушылар апарып, жүлделі орындарға ие болған.

–  Айболат өзінің қолынан келетін өнерін шәкірттеріне үйретуден жалықпайтын азамат. Оның шәкірті Ерсайын Бауыржан іске жарамсыз болып қалған қабырға сағатын өңдеп, домбыра нақышында және пластикалық қалдықтардан зымыран мүсінін жасады. Айболат теория мен практикалық дәрістерді ұштастыра білетін тамаша мұғалім, – дейді Алма Мұқанова.

Рекомендовать
Последние новости