Маңғыстауда мәдениет қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Dalanews 17 апр. 2024 18:33 2593

Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қолға алынды. Әр аптаның өзіндік тақырыбымен нақты мақсаты бар. Акция аясында Түпқараған, Мұнайлы аудандарында орналасқан жергілікті сегіз ескерткіштерге тазалау жұмыстары жүргізілді. Акцияға мәдени ошақтардың қызметкерлері белсене үлес қосты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыстық қуыршақ театрының қызметкерлері «Есмамбет Ата» киелі ескерткішінің іші-сыртын тазалап, абаттандыру жұмыстарын ретке келтірілді.


– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» акциясы бойынша тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ескерткіштердің айналасын тазарту жұмыстарының жүргізілуі бекер емес. Себебі 18 сәуір халықаралық ескерткіштерді қорғау күні. Маңғыстау өлкесінің мәдениет саласының қызметкерлері бірігіп сенбілік жүргізді. Тарихи-мәдени ескеркіштерді қорғап, сақтау барша қазақстандықтардың азаматтық борышы. Әр ескеркіштің өзіндік қайталанбас қасиеті бар. Осыны сақтап, ұрпаққа насихаттай отырып жеткізе білуіміз қажет. Жолжан Қорымының айналасы таза. Іші, сыртын тазалауда айтарлықтай қоқыс жиналған жоқ. Себебі елді мекеннен шалғай орналасқан. Ал «Қошқар Ата», Қалипан қорымы елді мекенге жақын орналасқандықтан көп қоқыс жиналуы мүмкін, – деді мәдениет қызметкері Серік Қосжанов.

Маңғыстау мемлекеттік тарихи мәдени қорығының директоры Нұрлан Құлбай бұл шараны жылда үрдіске айналдыру керек дейді.


«Еліміз бойынша «Таза Қазақстан» акциясы басталды. Акция бес аптаға созылады. Тарихи -мәдени қорықтың ұжымы болып Түпқараған ауданында орналасқан «Темір күмбез» тамына тазалау жұмыстарын жүргіздік. Айналасындағы күл-қоқыстарын тазалап, қи-тезектерді жинақтап, құлаған тастарды ретке келтірдік. Сонымен қатар «Жылқыбай қорымында» да дәл осындай жұмыстар атқарылды.

Маңғыстау сәулетті ескерткіштердің шоғырланып жатқан жері. Бұл ата-бабаларымыздан сақталып келе жатқан мұра. Маңызды мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін күтім жасалу керек. Ескерткіштің де киесі болады. Сол киені сақтап, қорғау мақсатында ұйымдастырылған шараны жылда үрдіске айналдыру керек деп ойлаймын. Осындай игі іс жастарға үлгі ретінде ұйымдастырылу қажет», деді Нұрлан Құлбай.

Мәдениет қызметкері Саламат Байрамов та халықты табиғи орындардың көркін бұзбай, сақтауға шақырды.


Елімізде республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр. Аталған акцияға облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұжымы да үлесін қосты. Қызметкерлер ескерткіштің аумағын абаттандыру, айналасын қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізді.

Шараның мақсаты - тұрғындар арасында вандализмге қарсы қоғамдық сана тәрбиелеу, қоғамдық мәдени деңгейді арттыру арқылы республикалық деңгейдегі акцияға қолдау көрсету. Әрбір елдімекеннің тазалығы тұрғындарға тікелей байланысты. Игі бастама аясында ынтымақ пен өзара көмекке үйрететін жақсы қасиеттерді насихаттайтын қайырымды және мәдени шаралар жалғасын таба берсін. Болашақта тәртіп пен тазалық сақтау басты дағдыға айналатынына сенеміз, - деді ол.

 


Рекомендовать
Последние новости