Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

Қаракөз Амантай 04 авг. 2025 11:25

Маңғыстау облысында техникалық колледждің бас бухгалтері 243 миллион теңге көлеміндегі стипендия мен іссапар ақшасын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, қаңтар айында қадағалаушы орган бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеудің басталғанын және бірқатар сараптама жүргізілгенін мәлімдеген. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізді.

Тексеру нәтижесінде бухгалтердің студенттердің стипендиясына, іссапар шығындары мен салық төлемдеріне арналған қаржыны өзінің жеке шотына заңсыз аударып отырғаны анықталған. Жалпы жымқырылған сома — 243 миллион теңге.

Маңғыстау аудандық соты айыпталушыны аса ірі көлемде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену және талан-таражға салу бабы бойынша кінәлі деп таныды. Оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар 10 жылға дейін бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.


Рекомендовать
Последние новости