Маңғыстау облысында кіл қымбат қызмет көліктерін жөндеуге 136 миллион бөлінбек

Cағыныш Сардарова 09 апр. 2025 12:55 642

Маңғыстау облысында қызмет көліктерін жөндеуге 136 миллион бөлінбек, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

"КТК" телеарнасы мәліметінше, Маңғыстау облысының әкімдігі 23 қызмет көлігін күрделі жөндеуден өткізу үшін 136 миллион теңге бөлуді жоспарлап отыр. Шамамен әр көлікке 6 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылған.

4 сәуірде жарияланған тендерге сәйкес әкімдікке қарасты басқарманың балансындағы 23 көлік күрделі жөндеуден өткізіледі. Машиналардың маркасы да анау-мынау емес: кілең премиум санаттағы темір тұлпарлар секілді.

"Жалпы облыс әкімдігінің меншігінде 37 көлік бар, соның жартысынан көбіне күрделі жөндеу қажет", - дейді шенеуніктер.

"Көліктер ескірген. 2005, 2010 жылғы көліктер бар. Көбіне қозғалтқыштары, автомат қорабына күрделі жөндеу қажет. Кузов жұмыстары, шанақты сырлау сияқты. Күрделі жұмыс болғандықтан қымбатқа шығып тұр", - дейді Маңғыстау облысы әкімдігі, іс басқармасы басшысының орынбасары Айбек Дүйсенғалиев.


Рекомендовать
Последние новости