"Мәминге бір ай уақыт беремін". Тоқаев Үкіметке маңызды мәселені шешуді тапсырды

Dalanews 01 сент. 2021 08:58 846

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасын бақылау үшін бірыңғай органды айқындауды тапсырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент өндірушіден бастап, азық-түлік бағасын бір орталықтан басқару қажет екенін мәлімдеді.

"Қазір бұл жұмысқа бірнеше ведомство жауап береді. Баға кезекті рет өскеннен кейін олар мұқият талдау жүргізіп, тиімді шаралар қабылдаудың орнына бір-біріне сілтейді.

Бұл істе тәртіп орнататын кез келді. Жауапкершілік аймағын бөліп, негізгі бір органды айқындау қажет.

Қалған ведомстволардың өзара іс-қимыл регламентін анықтап жазу керек", - деді Тоқаев жыл сайынғы жолдауында.

Мемлекет басшысы үкіметке бұл мәселені шешуге бір ай уақыт берді.


Сондай-ақ Тоқаев елде инфляция бақылаудан шыққанын айтты. Президент инфляция дәлізін 4-6% деңгейіне қайтаруды тапсырды.

...

Президент азық-түлік бағасын төмендету мәселесіне бұған дейін де бірнеше мәрте тоқталған. Осыдан екі ай бұрын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдаған Тоқаев
азық-түлікті арзандату бойынша жүйелі шаралар қабылдауды тапсырған.

Өткен айда ғана Мәмин үкіметінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын ұстап тұру жұмысын сынға алған. 


"Қазіргі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру құралдары тиімсіз болып отыр. Жергілікті бюджеттен сауда желілеріне азық-түлік тауарларын арзанға сату үшін 30 млрд теңгеден астам іс жүзінде тегін қарыз бөлінді. Қазіргі жағдайда бұл шешім жаман емес. Алайда, бұл шараның нарыққа әсері 1-4% аралығында ғана", - деген еді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы тұрақтандыру қорларында да осындай жағдай екенін және нарықтағы тұрақтандыру қорлары өнімдерінің үлесі 4%-дан аспайтынын жеткізген.

"Фермерлерде өз өнімдерін сақтай отырып, форвардтық сатып алу құралы да жеткілікті іске қосылмаған. Әкімдер орталыққа бас шұлғып отырмауы керек, өңірлер үшін жауапкершілік өз қолдарыңызда, сондықтан Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қолданыстағы құралдардың тиімділігін бағалауды және неғұрлым тиімді шаралар пакетін ұсынуды тапсырамын", - деген болатын Тоқаев.

 

https://dalanews.kz/news/67334-shymkentte-zhanga-oqu-zhylynda-20-zhanga-mekte

 

 

Рекомендовать
Последние новости