Мамин мырза, жолдан ақшаны аямаңыз!

Dalanews 24 мая 2019 11:28 794

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарына жұмыс сапарымен барды, онда ел өңірлеріне сапарлар аясында берілген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының іске асырылу барысын тексерді, – деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Еліміздің орнықты көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысына баса көңіл бөлінді.

Шығыс Қазақстан облысында Асқар Мамин «Өскемен – Талдықорған» автожолын салу жобасын іске асыру барысын қарады. Биыл 265 шақырым жолда қозғалысты ашу көзделген. Жалпы, ұзындығы 763 шақырым болатын жол 2020 жылы пайдалануға толықтай беріледі. Бұнымен қоса, «Қалбатау – Майқапшағай» трассасында реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, онда жыл соңына қарай 135 шақырым автожол пайдалануға беріледі.

Алакөл көлінің жағалауының шығыс бөлігінде соңғы екі жылда 5,3 млрд теңгеге ауқымды жұмыстар жүргізілген. Жағалауды дамыту жұмыстары жалғасуда, жағалау жиегіндегі адамдар серуендейтін жол кеңейтілді. Биыл 31 млрд-тан астам теңгеге 8 ірі инфрақұрылымдық нысанды іске асыруды бастау көзделген: 250 орынға арналған «Керуен Плаза» қонақ үйі, емдеу-сауықтыру кешені, велосипед пен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынады, парк кеңейтіледі және т.б. Биыл шығыс жағалауға 650 мың турист келеді.

Алматы облысында ҚР Үкіметінің басшысына ұзындығы 355 шақырымдай болатын «Өскемен – Талдықорған» автожолының шығыс бөлігін реконструкциялау, ұзындығы 184 шақырым болатын «Үшарал – Достық» автожолын салу жобасы туралы баяндалды.

Асқар Мамин Ақшы ауылындағы Алакөл көлінің қоршаушы бөгетінің құрылыс орнын тексерді. Нысан жағалауға жақын орналасқан ауылдардың 2,5 мыңнан астам тұрғынын толқындардың салдарынан қорғауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Премьер-Министр Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс аймағын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Өңірде 200-ден астам туристік нысан іске қосылған, 450 орынға арналған «QOQTEM GRAND RESORT» жаңа қонақ үй кешені пайдалануға берілуде. Биыл жаңа қонақ үйлер, сервис нысандарын салу арқылы туристік әлеуетті дамыту шаралары жалғастырылады. Биыл Алакөл көлінің оңтүстік жағалауына 1,3 млн турист келеді деп болжанған.

Қарағанды облысында «Қарағанды – Балқаш» автожолының учаскесіндегі жұмыс тексерілді. Аталған жоба бойынша биыл 187 шақырымда жол қозғалысы ашылады. Нысанды толық пайдалануға беру 2020 жылға жоспарланған. «Қарағанды – Теміртау» және «Қарағанды қ. айналма жолы» жобалары бойынша жұмыстар жыл соңына дейін 61 шақырым жолды пайдалануға берумен аяқталады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысы жолдарының учаскелеріндегі құрылыстың жоғары қарқынмен жүріп жатқанын атап өтіп, Алматы және Қарағанды облыстарының нысандары бойынша құрылыс жұмыстарының екпінін күшейтуді тапсырды. Қарқынды жұмыс режимі мен жеделдетілген жұмылдыру үшін жобалар құрылысының мерзімдеріне тиісті түзетулер енгізу қажет. Үкімет басшысы жергілікті тұрғындарды объектілерді іске асыруға тартудың, еңбекақы төлеудің қажетті жағдайларын қамтамасыз етудің және қазақстандық қамту үлесін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

«Инфрақұрылым жұмыс істеуі керек. "Өскемен – Талдықорған" және "Қарағанды – Алматы" жобалары бойынша міндет – 2020 жылы жолдағы қозғалысты ашу. Сапа мәселесі негізгі басымдықта болуы қажет», – деді А. Мамин. –  Алакөл көлінде туристік әлеуетті дамыту жұмыстарын жалғастыру қажет. Биыл шығыс және оңтүстік жағалауларға 2 млн-ға жуық турист келеді».

Рекомендовать
Последние новости