Мәмин Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқаратын адамды таныстырды

Dalanews 10 июл. 2021 10:43 822

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды деп хабарлайды Dalanews.kz.

Е. Қарашөкеев «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин оны Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымына таныстырды.

Ербол Қарашөкеев 1976 жылы 26 қарашада туған.

Білімі: 1997 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

1999 ж. - Заманауи гуманитарлық институтты тәмамдаған.



Еңбек жолы:

  •  2012-2013 жж. - «Мұнай-газ инжиниринг және ақпараттық технологиялары ҚБТУ институты» ЖШС бас директоры,  «Самрұк- Қазына» ҰӘҚ.

  • 2013-2016 жж. -«Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  басқарма төрағасының орынбасары.

  • 2016 жылдың қаңтары – 2019 қаңтары аралығында -  ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

  • 2019 жылдың қаңтар-сәуірі - Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы.

  • 2019 жылдың 4 сәуірінен -  «ҚазАгро»Холдинг» АҚ басқарма төрағасы.


Бұған дейін Dalanews.kz президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровты қызметінен босатқанын хабарлаған.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі қажеттігін айтты.

"Жүйелі әрі нақты жұмыс атқарылмаған. Соның кесірінен шаруаларымыз тығырыққа тіреліп отыр. Нақты іс-әрекет пен кері байланыс жоқ. Сондықтан фермерлер көмек сұрап, тікелей маған өтініш айтып жатыр. Әрине, қуаңшылық – табиғи жағдай. Мұны жақсы түсінемін. Дегенмен бұл мәселенің бір жағы ғана. Ең бастысы осындай күрделі кезеңде тиісті министрлік шұғыл және батыл шешімдер қабылдауы қажет еді", - деп атап өтті президент.

Рекомендовать
Последние новости