Мамлют ауданында шыны зауыты салынуда

Dalanews 05 дек. 2022 08:56 1071

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мамлют ауданында шыны зауытын салуға қатысты ірі инвестциялық жоба жүзеге асуда. Бұл турасындағы мәлімітте Мамлют ауданының әкімі Владислав Лукин журналистермен болған брифингте мәлім етті.

Тілшілермен жүздесуде Владислав Лукин инвестор аудан орталығында ұзақ жылдан бері бос тұрған бұрынғы машинақұрастыру зауытының 8 мың шаршы метр болатын ғимаратын алып, шыны зауытын салуға кірісіп кеткенін алға тартты.

– Инвестор алдағы уақытта құрылыс саласына қажетті шыны бұйымдарын шығаруды көздеп отыр. Сонымен қатар олар өнім шығару кезінде заманауи технологияларды пайдаланбақ.

Айталық, зауытта шыныны жоғары температурада шыңдау, боя ісін жүзеге асыратын болады. Сонымен қатар инвесторлар құрылыс саласына қажет қуат көзін үнемдейтін шыныпакеттерді шығармашы. Өндіріс орыны іске қосылған кезде 300 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Жобаны құны 4 млрд теңгені құрайды. Болашақта зауыт Қазақстандағы шыны өндіретін ең ірі зауыт болады, – деді аудан әкімі Владислав Лукин.


Осы ретте айта кетуіміз керек, Мамлют ауданындағы 90 жылдардан қалған ғимараттардың 70%-ын түрлі мақсатқа пайдалануға берілгенін айта кетуіміз керек.

Рекомендовать
Последние новости