Меншік иелері бірлестігі төрағасының мойнына үлкен жұмыстар жүктелген – Зәуреш Әбдиева

Dalanews 17 нояб. 2022 08:40 1179

Елордада тұрғын үй секторындағы реформалар 70 пайыздан астам орындалды. Алайда, көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары арасында даулар әлі де бар. Көбінесе пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың иелері нормативтік құқықтық актілерде, бұйрықтар мен қаулыларда бекітілген талаптардың бар екенін ұмытып кетеді. Осы орайда, елордадағы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық иелері қауымдастығының президенті Зәуреш Әбдиевамен тілдесіп, жиі туындайтын мәселенің мән-жайын сұрағанбыз.

– Жаңа реформаман бірге келген Меншік иелері бірлестіктерін басқара алатын жақсы төрағаны қалай таңдауға болады? Бұл жұмысқа үй тұрғындарының барлығы келісе бермейді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың қыр-сырын түсінбейтіндер көп.

– Жақсы төраға, жаман төраға деген болмайды. Барлығы тұрғындардың өздеріне байланысты. Олар немқұрайдылық танытса, төраға он жерден жақсы болғанымен, оның ынта-ықыласы үй жалдаушылардың енжарлығының салдарынан өшеді де қалады. Меншік иелері бірлестігі төрағасының мойнында үлкен жұмыстар бар. Ол тұрғындардың барлығының қатысуын талап етеді. Мысалы, біз оған ерекше байыптылықпен қарадық, бұл істің құжаттары мен басқа да нәзік тұстарын түсінуге тырыстық. Арнайы оқудан өттік, қазір көрші үйлердің төрағаларына барынша көмектесеміз. Барлығы уақытты талап етеді, көршілер толерантты болуы керек және чатта кеңес беріп қана қоймай, сыртқа шығып, көмектесіп, жиналыстарға қатысуы тиіс.

– «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЕҚК сәйкестігін тексеріп, бизнесті бопсалау фактілері мен үй салушының үй-жайды заңсыз сату деректері бойынша сотқа шағымдану туралы жиі хабарлайды. Жалпы, Меншік иелері бірлестіктері үйдегі үй-жайларды жалға беретін немесе сатып алатын кәсіпкерлермен келісімге келе алмайды. Ондай құқығы жоқ. Бұл мәселе қалай шешіліп жатыр?

– Тұрғын үй нысандарының ішінде адамдарды кәсіпкер-кәсіпкер емес деп бөлудің қажеті жоқ – түптеп келгенде, біз бәріміз де меншік иесіміз. Ұнаса да, ұнаамаса да, үй – ортақ, құбыр, жарық, су, жылу бәрімізге бірдей келеді. Әр нәрсені дұрыс әрі шыдамдылықпен сұрап, ыждаһатпен жауап бере білу керек. Егер меншік иелеріне сұрақ қою қиын болса, онда оларға көмектесу керек. Мысалы, City Center меншік иелері бірлестігінің тығырыққа тірелген тұстары бар және мұндай жағдайларда меншік иелерін сотқа жүгінуге дағдыландыру маңызды. Онда олардың ісі бұрыс болса, сотқа тартылады, қажет болған жағдайда, тәуелсіз тарап ретінде сарапшылар қауымдастығының өтініші арқылы бірлестіктер мен мемлекеттік органдар тартылуы мүмкін. Мұнда мүдделерді қорғау үшін бәрі ойлалыстырылған, не оны өзіңіз шешіңіз немесе білікті заңгерлерді жалдаңыз.

Кәсіпкерлік палатасы мен тұрғын үй қатынастары, жалпы алғанда әртүрлі ұғымдар. Барлығы «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңмен және нормативтік құқықтық актілермен реттелген. Ал оны жақсартуға да болады. Кәсіпкерлік палатасы – нарық пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы қатынастарды реттеуші, мемлекеттік органдардың алдында олардың мүдделерін қорғаушы болып саналады. Ал екі коммерциялық ұйымның қарым-қатынасында Кәсіпкерлік палатасы қалай қарсы тұра алады? Бұл қазірдің өзінде лобби деп аталады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың кәсіби қоғамдастығы қазір осындай пікірде.


– Бір нысанда екі басқару органын немесе екі қызмет көрсету ұйымын құруға бола ма?

– Әрине, іс жүзінде елестету қиын. Жылу пунктеріне кіру біртұтас, журналдар мен атқарушы құжаттамаларды жүргізу, кілттерді сақтау және инженерлік жабдықтардың қауіпсіздігіне жауапты болу керек. Мысалы, бірдей дәнекерленген крандар жобаның талаптарына сай болуы тиіс, ғимараттың жұмысы барлық меншік иелерімен келісілуі керек. Өйткені, жасалған келісім-шарттар бойынша бәріне ақша төленуі қажет. Тағы жылыту маусымына дайындықтың өте маңызды тұстары бар.

Қазір, мысалы, қалалық қызметтер мен аудан әкімдіктері жұмыс көлемінің артуына тап болып отыр. Себебі, бүгінгі таңда үйлерді жылыту маусымына дайындап жатқан 1000-ға жуық кәсіпорын бар. Кездесулерде естігеніміздей, бәрінде ахуал тақтайдай тегіс емес. Біреудің уақыты бар, біреудің уақыты жоқ, ал егер оларға тұрғын емес үй-жайлардың иелері қосылса, олар жылытуға дайындықты бөлек бастайды, бұл хаос.

Тұрғын емес үй-жайларға мораторий бар. Алайда, қызмет ақысын төлемейтіндер негізінен тұрғын емес үй-жайлардың иелері болып саналады. Сондықтан шот-фактуралар тікелей беріледі. Біреулері төлеп жатады, қашып кететіндері де жоқ емес. Бірақ оларға ештеңе әсер етпейді. Құбырлары бір, инженерлік жүйесі бір, онсызда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта қиындықтар көп.

– Сіздің ойыңызша, Жеке пәтер иелері кооперативінен Меншік иелері бірлестігіне өту процесі неліктен баяу жүріп жатыр?

– Біз белсенді Меншік иелері бірлестіктері мен басқарушы компаниялардың көпшілігінің ұстанымын айтамыз. Бүгінгі таңда елордада тұрғын үй құрылысын басқаратын 1000-нан астам субъекті бар және біз баяулау үдерістері жоқ деп есептейміз.

Рас, бастапқыда реформаның барлық мерзімдері Жеке пәтер иелері кооперативтері қызметіне қатысты болды. Олар 2020 жылдан бастап шығынға ұшыраған заңды тұлғалардың бар болуына байланысты тарату мерзімін ұзартты. Мұны түсінбеген халық шын мәнінде қиыншылықты бастан өткерді. Өйткені, заңнамаға сәйкес Жеке пәтер иелері кооперативтері нысандары жоқ, тек Меншік иелері бірлестіктері түріндегі заңды тұлғалар немесе жалданған менеджерлер бар. Әрине, егер жалға алушылар үйді жақсартуды қаласа, Меншік иелері бірлестіктерін құруы керек. Әйтпесе, ол үйдің ахуалы нашарлай береді.

Жеке пәтер иелері кооперативтерін тарату мерзімдері, ең алдымен, мемлекеттік органдарға қатысты болса керек. Алайда, юізді, меншік иелерін, Жеке пәтер иелері кооперативтерінің жойылу мерзімі ешбір жағдайда қызықтырған жоқ. Біз үшін Меншік иелері бірлестіктері дұрыс құрал болып саналды, сол арқылы біз бақылауды өз қолымызға алдық. Атап айтқанда, қаражаттың қаржылық бөлінуін бақылауға тұрғындардың мүмкіндігі бар. Коммуналдық қызметтер сол қалпында жұмыс істеп келеді.

– Бұл мәселеде мемлекеттік органдардың енжарлығынан, бүкіл үдеріс тежелді деп ойламайсыз ба?

– Мемлекеттік органдар – бұл кең ұғым. Нақты айтайық, орталық мемлекеттік органдар бар, жергілікті атқарушы органдар бар.

Бұрын атап өтілгендей, елордадағы жергілікті атқарушы органдардың 70 пайыздан астамы азаматтардың әлеуметтік осал топтары мен апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді сатқан. Бұл туралы орталық мемлекеттік органдар ресми сайттары мен брифингтерде айтып та үлгерді. Біз, меншік иелері ретінде, бұл сандарға ешбір жағдайда алаңдамауымыз керек. Ең бастысы, жарық, жылу келіп тұр, кіреберіс таза және не төлейтінімізді, оның қалай жұмсалатынын білеміз.


– Қазіргі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты қандай өзгерістер ұсынасыз?

– Бұл салада көп нәрсені өзгертудің қажеті жоқ, елордада бәрі жақсы. Бірақ енді орталық мемлекеттік орган шарттарды, жаңа бюджеттік бағдарламаларды орындауға мүмкіндік берсін. Біз, мысалы, Меншік иелері бірлестіктерінің төрағалары қауымдастыққа біріктік және жаңадан келгендерге құжаттаманы дұрыс жүргізуді, басқаруды және менеджментті қызметтен бөлуді үйретуге дайынбыз. Мұның бәрі ыңғайлы әрі ашық күйінде орындалады, бұрын бәрі бір үйіндіде ыбырсып жататын. Енді сіз бухгалтерияға оңай қол жеткізе аласыз, құжаттамалар тас-түйін реттелген. Әрине, бұл жерде мен үлгілі бірлестіктерді ерекше атап өткім келеді. Кез келген басқа саладағы сияқты, барлық жерде тек өзін және қызметін жақсарту үшін жұмыс істейтін бірлестіктер бар.

Рекомендовать
Последние новости