Мамайды сотқа беремін! Себебі таза адаммын – Байбек

Dalanews 20 апр. 2021 06:36 952

Оппозиционер деген аты бар Жанболат Мамай жемқорлық қылмыстарға қатысы бар деп, "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек туралы видео жариялаған болатын.

Ал аузынан Елбасы түспейтін Бауыржан Байбек те қарап отырмай, өзіне жақын Тәңірберген деген орыстілді блогермен келісіп, соған берген сұхбатында ақталуға тырысыпты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Байбек өзі туралы әңгіменің бәрін өтірік деп, Мамайдың бұл тірлігі журналистік зерттеуге жатпайды дейді.

– Жанболат Мамай Uzun Qulaq деген фейк телеграм-каналдың деректеріне сүйеніпті. Ол каналдың жазғандарын сараласақ, олар Конституцияға қарсы жұмыс істеп, әлеуметтік араздық тудырумен айналысады. "Новый южандар" мен "старый южандар", "карагандински клан" дейді. Бірақ шындығында Қазақстанда ондай кландар жоқ, – деді Байбек.

Мамайды сотқа беремін!

– Елбасы үнемі айтатын былай деп: егер сенің арың таза болса, жала жапқыштарды сотқа бер деп. Біз демократиялық мемлекет құрып келеміз. Әрбір адам өз құқығы, абыройы үшін күресуі тиіс. Мен де осы елдің азаматымын, Бауыржан Байбек деген есімімнің былғанғаны маған ұнамайды. Әлгі видеоны менің анам да көреді, мысалы. Мамай сияқты басқа да өтірікшілер мен жала жапқыштарға сабақ болсын – мен Мамайды сотқа беремін! Менің жасыратын түгім жоқ, адал, таза адаммын, дегендей әңгіме соғып тастады Байбек.

Рекомендовать
Последние новости