Люксембургте ERG-ге тиесілі ақша бұғаттан босап, Қазақстан Үкіметі 365 млн долларға кеңелді

Кәмшат Тілеухан 13 авг. 2025 16:27

Қаржы министрі Мәди Такиев мемлекетке өткен жылғы дивидендтер толықтай төленгенін растады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Биыл біз өткен жылға 365 миллион доллар дивиденд алдық. 2024 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық есептілік енді ғана аяқталды, әзірге оның жарияланғанын көрмедік. Биылғы жылдың қорытындысы келесіде қарастырылады. Бірақ 2022 және 2021 жылдарға біз өз ақшамызды алдық. Олар бұғаттан босатылды", - деді Такиев.

Үкіметке ERG-дің 40%-ы тиесілі, тағы 60%-ына Патох Шодиев, Ибрагимовтар отбасы және Александр Машкевичтің мұрагерлері иелік етеді.

Бұған дейін ERG құрамындағы компаниялар KASE-ден бір-бірлеп кетіп жатқанын жазғанбыз. "Ибрагимов ERG-дағы Шодиев пен Машкевичке тиесілі үлесті сатып алуға ниетті - шетелдік БАҚ" деген материал да біздің сайтымызда жарияланған.Қазақстан Үкіметі ERG-дағы үлесін сататын-сатпайтындығына қатысты да пікір білдірген.


Рекомендовать
Последние новости