Қазақстан Үкіметі ERG-дағы мемлекеттік үлесті сатуды қарастырып отырған жоқ

Кәмшат Тілеухан 25 сәу. 2025 10:32 255

Eurasian Resources Group (ERG) тау-кен холдингі акцияларының 40%-ына ие Қазақстан Үкіметі өз үлесін сатуды қарастырып отырған жоқ, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Reuters ақпараттық агенттігінің Джеймс Кэмеронның Eurasian Resources Group компаниясының 100%-ға дейінгі акциясын сатып алу туралы ұсынысына қатысты таратқан ақпарат бойынша мынаны айтамыз: компанияның 40% акциясының меншік иесі болып табылатын  Қазақстан Республикасының Үкіметі ERG-дегі мемлекетке тиесілі акцияларын сатуды қарастырмайды", - деп жауап берген Қаржы министрлігі Интерфакс агенттігінің сауалына берген жауабында 

Бұған дейін Reuters агенттігі өз қолдарына түскен құжаттарға сілтеме жасай отырып, Petropavlovsk Plc Директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы, америкалық кәсіпкер Джеймс Кэмерон ERG акцияларының 100-ын 5 млрд долларға сатып алуға ниетті екенін хабарлаған.

Агенттіктің хабарлауынша, оның ERG Директорлар кеңесіне жазған хатында америкалық Goldman Sachs банкі мәміле бойынша алдын ала кеңесу үшін келіссөздер жүргізіп жатқаны көрсетілген.

Кейін, 21 сәуірде компаниядағылар Petropavlovsk Директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Джеймс Кэмеронмен келіссөздер жүргізіліп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. ERG мәліметтері бойынша, бизнесті жүргізуде қандай да бір өзгерістер жоқ.

ERG Eurasian National Resources Corporation (ENRC) активтері негізінде 2014 жылы құрылған. Корпорация (ENRC) Люксембургте тіркелген. Компания Қазақстандағы ферроқорытпа, темір, алюминий, көмір кендерін өндіруші кәсіпорындардың басын құрап, сондай-ақ Африкадағы мыс және кобальт активтеріне ие және Бразилияда темір кенін өндіру жобасын жүзеге асырады.

Қазақстан территориясында ERG-дың өндірістік активтеріне "Қазхром ТҰК", "Алюминий Қазақстан" ССКӨБ, Қазақстан электролиз зауыты, " Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы, "Шұбаркөл Көмір", "ТрансКом" транспорттық тобы енеді.

ERG акционерлері - Қазақстанның Қаржы министрлігі (40%), марқұм Александр Машкевич және Ибрагимовтар отбасы (әрқайсысы 20,7%-дан үлеске ие), Патох Шодиев (18,6%). Әзірге, 2025 жылы наурызда Александр Машкевич қайтыс болғаннан кейін акционерлердің құрылымы қалай өзгергені белгісіз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар