LRT ісі: Қазақстан Түркиядан Талғат Арданды экстрадициялауды сұрады

Сағыныш Сардарова 23 мая 2025 12:51

Қазақстан Түркиядан Талғат Арданды экстрадициялауды сұрады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Tengrinews.kz мәліметінше, Бас прокуратура Түркияда ұсталған "Астана LRT" бұрынғы басшысы Талғат Арданды экстрадициялау мәселесіне қатысты пікір білдірген.

Tengrinews.kz сауалына жауап берген ведомство бұған дейін Талғат Арданның Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тарапынан Қылмыстық кодекстің "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету" және "Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану" баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін іздеуде болғанын нақтылады. Оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалған. Талғат Ардан бұған дейін халықаралық іздеуде болды.

10 мамырда Талғат Ардан Түркия Республикасы аумағында ұсталып, Анталияда қамалғаны туралы ақпарат алынған.

"Қазір Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арқылы Т.Н. Арданды экстрадициялау үшін барлық қажет құжат Түркия Республикасының уәкілетті органдарына жолданды. Оны экстрадициялау мәселесі Түркия тарапының қарауында", – деп жазылған Қазақстан Бас прокуратурасының Tengrinews.kz сауалына берген жауабында.

Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Астанадағы LRT құрылысы кезінде қаржы жымқырды деген айыппен сотталғандарды құқық қорғау органдары неге Қазақстанға қайтара алмайтынын түсіндіруге тырысты.

Сонымен қатар, шенеуніктің мәліметінше, Интерпол Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековті іздестіріп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости