Ләйлә Сұлтанқызы: «Қанымды ішкендерге заңның қалай жұмыс істейтінін көрсетейін...»

Dalanews 13 июл. 2017 05:14 1121

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы лауазымды қызметке ауысып, өзін мазалағандарға заңның қалай жұмыс істейтінін көрсеткісі келетінін айтты.

Күні кеше Ләйлә Сұлтанқызы “Балапан” телеарнасының басшысы қызметінен кетіп, оның орнын Жанар Шәмел басты. Осыдан кейін тележүргізуші балаларға арналған лагерь ашатынын мәлімдеген болатын. Енді, міне, лауазымды қызметтен дәметіп жүргенін сөз етті. Десе де, бұл тележүргізушінің әзілі болуы да ғажап емес.

– Шымкенттің ыстығына жұмыртқа қуыруға болады дейді. Өткенде Бибігүл Иманғазина апамыз эфирге хабарласып, «Сен қызды депутат қылуымыз керек, елбасына, басқаларға хат жазамын» дейді. Апам-ау, рақмет шынайы көңіліңізге! Жазсаңыз жазыңызшы, қанымды ішіп жүргендерге заңның қалай жұмыс істейтінін көрсетейін. А корпусы арқылы ма, қалай өзі жолы? Жаза отырыңыздар. Осы суретте депутат болсам, артынан министр болсам, сосын премьер болсам деп тұрған сəтім ғой, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

 

Дереккөзі: stan.kz

Рекомендовать
Последние новости