"Лайық емес" - депутат Аманжол Әлтай Әлішер Кәрімовке берілген атақ туралы

Сағыныш Сардарова 21 мая 2025 14:39

Депутат Аманжол Әлтай Мәжіліс дәлізінде Қазақстанның Халық әртісі атағын алған Әлішер Кәрімовке қатысты пікір білдірді,– деп хабарлайды Dalanews.kz.

Аманжол Әлтай әнші Әлішер Кәрімов "бұл атаққа лайық емес" деген пікірде.

"Әлішер мен мойындайтын әншілердің санатында емес. Сондықтан Әлішерге Халық әртісін беру ақылға қона қоймайды. Лайық емес деп ойлаймын. Лайықты тұлғалар бар. Халықтың реакциясын байқап отырсыздар ғой. Халық әртісі Қайрат Байбосыновқа Еңбек ері берілгеніне бүкіл ұлт болып қуанып жатыр. Осындай тұлғалар болуы керек деп ойлаймын. Қазақ өнерінде Халық әртісі деген атаққа лайық әншілеріміз, Құдайға шүкір, баршылық. Мысал үшін Клара Төленбаева секілді әншілеріміз Халық әртісін алуға әбден лайық деп ойлаймын", - деді депутат.

Айта кетейік, кеше Президент Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Әукенұлы Байбосыновқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді.


Рекомендовать
Последние новости