Оның айтуынша, Батыс Украинамен шектелгенді жөн көрмей, тағы бір елді "тәрбиелеп" жатыр. Келешекте бұл ел Батыстың оққағарына айналып, Кремльге азуын батыратын болады, осы себепті қазірден бастап қарымта қайтаруға қамдана бастаған жөн.
Ресейлік пропагандист Дмитрий Киселевке кең-мол сұхбат берген Лавров "Украинадан кейін басқа шауып, төске өрлейтін кім бар? Біздің жағамызға жармасатын келесі ел кім болады? Қазақстан әлде Қырғызстан ба?.." деген провокациялық сауалға "Молдова" деп тон пішіпті.
"Батыстың саясаткерлері Ресейге соқтықпаса бойына ас батпайтынын білеміз. Путин десе, атарға оғы жоқ олар Кишиневті бізге қарсы айдап салуды көздеп отыр. Бұл елдегі Батыстың диктаты Ресейді құбыжық қып көрсету саясатын қызу жүргізуде. Молдова президенті Майи Санду Ақ үйдің алдында құрдай жорғалайды. Оның есіл-дерті НАТО мүшелігіне өту. Сандудың арты таза емес, онда Румыния азаматтығы бар, Румыниямен бірігуге дайын және іс жүзінде Батыстың барлық талабын екі етпей орындайды, - деді Лавров.
Ресейлік дипломат мұнымен шектеліп қалмай, тырнақтай ғана Грузияға да сүйкеніп өтіпті. "Тбилиси Ресейдің жүйкесін жұқартып, дегбірін қашыратын факторға айналғысы келеді" дейді ол.
Пікірінше, Путин Украинадағы қантөгістің неғұрлым ерте аяқталғанын қалайды. Кремль Киевпен пәтуаға келуге әзір.
"Алайда, – дейді Лавров, бұл жерде уақыт емес, орыс халқы үшін нәтижелердің көңілге қонымды болғаны маңызды".
Сұхбат барысында Лавров украин жерінде қойша қырылған орыс әскері туралы айтуға оқталады да, артынша бұл ойынан айнып қалады. Ойлана келе Путиннің жамбасына аяздай бататын тақырыпты айналып өтеді.
Осы тұста:
Жаңа Қазақстанның жемқорлықты жеңе алмағаны мәлім болды. Жағдай жылдан-жылға нашарлап барады. Толығырақ мына жерде: t.me/dalainside
https://dalanews.kz/aimak/86144-turkistan-oblysynda-zhurgizilgen-saq