Кибер қауіпсіздік: Кіші жедел басқару орталығының жобасы таныстырылды

Жарбол Кентұлы 04 сент. 2024 23:02 1679

Түркістан облыстық әкімдікте кіші жедел басқару орталығының жобасы таныстырылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен шарада Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, цифрландыру басқармасының басшы құрамы мен әкім орынбасарлары, басқарма басшылары қатысты. Жаңа жобаны «Алтау смарт» ЖШС-нің коммерциялық директоры Исатай Жүнісов таныстырып өтті.

Жиын барысында цифрландыру, қауіпсіздік үшін қажетті соңғы үлгідегі цифрлық құрал-жабдықтармен жабдықтау мәселелері қаралды. Сонымен қатар аудандарға кіші жедел басқару орталығын құру бойынша ұсыныстар көтерілді.

Шара соңында облыс әкімі құрылым басшыларына тапсырмалар жүктеп, жаңа жобаны зерделеуді жүктеді. Сондай-ақ тұрғындар қауіпсіздігін сақтау, қорғау бағытындағы бастамаларды қолдайтындығын айтты.


Рекомендовать
Последние новости