Күршімнің 7 ауылында дамбы салынып жатыр

Dalanews 22 апр. 2024 14:37 2021

ШҚО-да су тасқыны жағдайы тұрақты. Десе де, жергілікті атқарушы орган өкілдері босаңсымау керектігін айтып отыр. Себебі кейбір елдімекендерде су басу қаупі әлі де сейілмей тұр.
Мәселен, Күршім ауданында 7 ауылды су басу қаупі бар. Бүгінде онда қарғын судың алдын алу үшін қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі.


Аудан әкімі Алмат Ақышевтің айтуыша, дайындық жұмыстары ерте басталған. Қазір 7 учаскеде биіктігі 3,5-4 метр болатын дамбы салынып жатыр.

Күршім өзенінің бойындағы су басу қауіп бар 7 учаскеде жағалауларды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың бірі - Бірлік ауылы.. Бұл жердегі дамбының ұзындығы 760 метр, биіктігі 3,5 метрді құрайды. Қалған ауылдардағы дамбыларда 500-800 метр аралығында салынуда. Шамамен 1 апта көлемінде барлық жұмыстар аяқталатын болады, - деп атап өтті «Amanat» партиясы Күршім ауданындық филиалының төрағасы Данияр Қалиев.


Ауданда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Жағдай  жергілікті биліктің бақылауында. Тұрғындар үшін төсек-орын жабдықтарымен және басқа да қажетті заттармен жабдықталған эвкуациялық пункттерде дайындалыпты.


- Бізде таудағы қар маусым айына дейін жатады. Яғни қауіпті кезеңде жазға дейін созылады. Қазір барлық күшті жағалауларды нығайтуға жұмсап жатырмыз. Судың көлемінде 24 сағат бақылауда ұстап отырмыз. Техникалар саны да жеткілікті. Тасқынның екінші толқынына сақадай саймыз, - дейді аудан әкімі Алмат Талғатұлы


Рекомендовать
Последние новости