Күршім ауданының мектеп оқушылары қол күресінен Азия чемпионы атанды

Dalanews 06 мая 2023 13:30 970

ШҚО Күршім ауданында жас чемпиондар – Төрежан Қазбеков пен Алдияр Құмарғазыны жерлестері салтанатты түрде қарсы алды. 7-сынып оқушылары Дубайда өткен Азия чемпионатында алтын жүлдеге ие болған, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жас спортшылар ағымдағы жылдың наурыз айында жігіттер Шығыс Қазақстан облысы құрамасы сапында өнер көрсетіп, армрестлингтен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды.

Содан кейін олар Азия чемпионатында өз елінің атынан шығып, өздеріне артылған үмітті тағы да ақтады.

Жерлестер спортшыларды мақтанышпен қарсы алып, жаттықтырушы Заңғар Ашмановқа алғыстарын білдірді.


«Жігіттерді бұдан да үлкен жеңістер күтіп, көп ұзамай әлемдік жарыстардың чемпиондары болады деп сенеміз!» дейді аудан тұрғындары.

Рекомендовать
Последние новости