Көшпенділердің ежелгі ойыны тоғызқұмалақ стратосфераны бағындырды

Қаракөз Амантай 10 сент. 2024 20:31 2636

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау және ұлттық мұраны насихаттау аясында бұл стратегиялық ойын горизанталь бағытта 108 шақырымды еңсеріп,  28 324 метр биікке көтерілді. Ұшу барысында төменгі температура -55°С - ге жетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Республикалық  Тоғызқұмалақ федерациясының Президенті Әлихан Байменов Тоғызқұмалақ күнін атап өту кезінде баяндады.

“Адамзаттың ең ежелгі  логикалық ойындарының бірі  жер бетіндегі адамдардың ақыл-ой деңгейімен шектелмей, оның шеңберінен шығып кетті. Мұндай символикалық қадам көшпенділердің мәдени мұрасын жоғары технолониялар әлемінде сақтаудың маңызын айшықтай түсті.  Стратосфераны бағындырған жалғыз үстел ойыны - осы тоғызқұмалақ”,-деді Байменов.


Рекомендовать
Последние новости