Коронавирус қашанға дейін созылуы мүмкін?

Dalanews 16 мар. 2020 05:34 745

NHS (Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі) шенеуніктеріне арналған нұсқау құжатында коронавирус 2021 жылдың көктеміне дейін созылады және Ұлыбритания халқының 80 пайызы вирус жұқтырады деген болжам жазылған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Independent Eagle сілтеме жасап.

«Келесі 12 айда халықтың 80 пайызына дейін Covid-19 жұқтырып, 15 пайызға дейін (7,9 миллион адам) ауруханаға жатқызылады деген болжам бар» деп жазылған табылған құжатта, оны The Guardian жариялады.

Ақпарат бойынша, құжат аурухана басшылары мен NHS аға дәрігерлеріне таратылған. Құжатты Англия азаматтарының денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сарапшылар тобы жасаған.

Басылым өкілдері құжатты Англияның Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшысы тексергенін және растағанын айтады.

Ұлыбританияда вирус жұқтарғандар саны алдағы апталар мен айларда ұдайы өсіп отырады, ал мамырдың соңы мен маусымның ортасына дейін олардың саны шарықтау шегіне жетеді деп болжанды.


Еске салайық, 15 наурызда Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрлігі вирус жұқтырғандардың саны 1372-ге дейін өскенін, ал қайтыс болғандардың саны 35 адамға жеткенін және 14 пациент ағзасынан COVID-19 анықталған соң қайтыс болғанын хабарлаған болатын.

Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок 70 жастан асқан британиялық қарт кісілердің барлығы төрт айға дейін оқшаулануы тиіс екенін растады. Сондай-ақ, бұл қадам алдағы аптада жарияланатынын айтты.

Рекомендовать
Последние новости