Көрме павильоны – көпшілік игілігіне

Dalanews 13 нояб. 2017 13:49 1494

Талдықорған қаласында Көрме павильоны ашылды. Сәулеттік шешімі жағынан ерекше саналатын бұл павильон облыс орталығының көрнекті ғимараттарының біріне айналады. Қалалықтарды айтулы оқиғамен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады, –  деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.



– Бүгінгі күн баршамыз үшін – ерекше оқиғаларға толы болды. Жаңа ғана сіздермен бірге Салтанат сарайының ашылуына куә болдық. Енді, міне, іргелес орналасқан Көрме павильоны да есігін айқара ашып отыр. Мұнда қалалық, облыстық, республикалық, тіпті халықаралық шараларды да өткізуге болады. Осы ғимаратты ашу арқылы көрме қызметінің жаңа мүмкіндіктеріне жол ашумен қатар, өзімізде өндірілетін тауарлар мен қызметтерді кешен қабырғасында көпшілікке ұсыну арқылы өңіріміздің инвестициялық тартымдылығын да еселей аламыз. Қаламыз мұндай Көрме павильонымен ұялмай мақтана алатынына сенімдімін, – деді А. Баталов Көрме павильонының ашылу салтанатында.

Осы күні шараға келгендердің назарына отандық тауар өндірушілер тауарларының көрмесі ұсынылды. Олардың қатарында «Қайнар АКБ» аккумулятор зауыты, «Алматы бояулары» ЖШС, «Хамле Компани ЛТД» ЖШС, «Метакон» ЖШС, сүт және сүт тағамдарын шығаратын «Арқабай» зауыты, «JLC сүт» зауыты, крахмал-сірне зауыты және т.б. бар.

Атап өтсек, ғимараттың екінші қабатында Кәсіпкерлер палатасы орналасатын болады. Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері бизнес-мектебінің жұмысымен таныстырып, шеберханалар мен заманауи фотолабораториялар және басқа да қызметті туралы баяндап берді.

Жалпы Көрме кешенінің құрылысы 2016 жылғы ақпанда басталған. Жалпы құны – 1227,686 мың теңге. Сыйымдылығы – 260 адам. Ғимараттың жалпы алаңы – 4437,8 м2.Бірінші қабат түгелімен көрме өткізуге арналады. Көрме залы кешенінің едені  этникалық стильдегі панномен безендірілген.



 

https://dalanews.kz/32065

Рекомендовать
Последние новости