Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

Dalanews 06 дек. 2022 04:26 1080

Қазақстанда көпбалалы аналарға жаңа статус енгізіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тамара Дүйсенова жаңадан әзірленген Әлеуметтік кодекс жобасын таныстырды.

– Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзартылады. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейтіледі және олар «Алтын алқа», «Күміс алқамен» наградталған аналар деген жаңа статуспен қарастырылады, – деді Дүйсенова.


Министр президенттің тапсырмасымен 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен түскен табыстың 50%-ы көлеміндегі бастапқы капитал отбасыларға қосымша көмек көзі болатынын атап өтті.

 

Рекомендовать
Последние новости