Көпбалалы әке әділдіктен үміт үзбей, өзіне тағылған айыптарды мойындамай келеді

Көркем Алдабергенова 17 мая 2024 14:09 3253

Қонаевта қамауда болған журналист Думан Мұхамедкәрім БАҚ өкілдеріне берген сұқбаттарының бірінде өзінің қасында өзі секілді жазықсыз жазаланған бірнеше адам отырғанын айтып қалып еді. Солардың бірі – көпбалалы әке Советқазы Қалиев. Бұған дейін ол күдікті ретінде қамауға алынып, кейіннен кісі өлтірді деген айыппен 17 жыл 4 айға сотталған. Алайда оның қорғаушысы алдыңғы сот отырыстарында күдіктіге қатысты сот шешімі әділ шығарылмағандығына, ал шын қылмыскер бостандықта жүргеніне бек сенімді.

Қоғамның қолдаушысы әрі әділдік жаршысы болуға үнемі тырысатын «Қала мен дала» басылымы осы бір оқиға желісін егжей-тегжей зерттей отырып, өз назарларыңызға ұсынады.

Әлқисса...

2023 жылдың наурыз айында Қонаев қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 1950 жылы туған ер адам - Борис Шек түсініксіз жағдайда, беймәлім себептермен өлтіріледі. Сол күні көпқабатты үйдің подъезі маңында мас күйдегі Советқазы Қалиевті полицейлер ұстап әкетеді.

"Үшінші қабатта болған кезде Қалиев жәбірленуші тұратын № 301 пәтерге кірген. Бірақ тергеу оның бұл пәтерге кіргенін растайтын дәлел ұсынбайды. Одан кейін, олардың арасында жанжал туындады. Бірақ бұл да тергеумен айқындалмаған. Қалиев тергеумен анықталмаған қатты затпен Шеканың бетінен, басынан және кеудесінен ұрған. Салдарынан екінші адам есінен танып қалады. Содан кейін Қалиев ас үйден пышақ алып, оны Шекке үш рет сілтейді. Осыдан кейін жәбірленушінің ес-түссіз жатқанын көрген ол қылмысын жасыру үшін оны сүйреп, басқа бөлмеге апарады, газ баллонының шлангасын кесіп, бұрандасын ашады. Сонымен қатар жәбірленуші пәтерінен шыққан Қалиев қан-қан қолымен өзге пәтерлердің есіктерінің тұтқасын тартқылап, содан кейін оқиға орнынан ізін суытады. Жарақат салдарынан Шек Қонаев қаласының орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жан тапсырды", делінген айыптау актісінде.

Тергеушілер Қалиев үй ішінде шамамен бір сағат, яғни 22:00-ден 23:00 аралығында болған деп көрсетеді.

Қалиев бір де бір сот инстанцияда өз кінәсін мойындаған жоқ. Сотталушы жан тапсырған адаммен мүлде таныс болмағанын, оның өліп жатқанында көрмегенін айтады. Алайда, оның айғақтарына сүйенсек, сол күні кешке ол шынымен де сол ықшам ауданда тұратын ағасымен пәтерде алкогольдік ішімдік тұтынған.

"Ол пәтерге (жәбірленушінің) қалай тап болғаны оның есінде жоқ. Бірақ үшінші қабатта есін жиғанда, оның су ішкісі келген. Бір пәтердің есігі ашық тұрады. Есік қақса, ешкім жауап бермепті, содан кейін ол ішке енеді. Астан-кестен болып жатқан пәтерді көріп, секемденген ол кері сыртқа беттейді. Сол кезде аяғынан шалынып, жуынатын бөлменің әйнек есігіне соғылады. Әйнек сынып, оның алақанының сыртқы тұсын тіліп кетеді. Сол күйінде ол су сұрау үшін көршілердің есіктерін қағады, бірақ ешкім ашпайды. Осыдан кейін ол көшеге шығып, подъездің қарама-қарсысына барып отырады", делінген айыпталушының бірінші сатыдағы үкімде көрсетілген айғақтарында.

Сот процестерінде Қалиев жәбірленушінің күртесі өзінің үстінде қайдан пайда болғанын білмейтінін айтумен келеді. Ол мас күйінде подъезде ұйықтап жатқанын пайдаланған біреу Шектің киімін өзіне кигізіп, қанын да жаққан деп есептейді.

"Біреу өз қылмысын жасыру үшін кінәні осылайша маған артпақ болған. Ал полиция қызметкерлері айыптау қорытындысы бойынша тергеу жүргізді. Әйтпесе сол арада сыртқы бақылау бейнекамерасы да бар, бірақ ондағы жазбалар іс материалдарына тіркелмеген, тек менің кіріп-шыққан сәттерім ғана көрсетілген. Бірақ ол жерде басқа да адамдар болғаны анық", деп жауап берді сотта айыпталушы.

Судья, өкінішке қарай, осылайша айыпталушы жауапкершіліктен жалтарғысы келеді деп санады.
Ақырында Қалиев 17 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса, жәбірленушілердің өтемақы қорына 103,5 мың теңге, сондай-ақ процестік шығындар үшін мемлекетке 250 мың теңге төлеуге міндеттелді. Сот қан дақтары, жәбірленуші мен сотталушының киімдері сияқты заттай дәлелдемелерді жою туралы шешім қабылдады.

Болмайтын уақытта болмауы керек жерге тап келу ме?

Апелляциялық алқа алдындағы сот үкімін өзгеріссіз, өз күшінде қалдырды. Осы кезеңде адвокат Төлеген Байтенов сотталушының мүддесін қорғау үшін іске араласады. Ол өз тәжірибесінде тергеушілердің мұндай "жеңіл-желпі" күдіктілерді қасақана құрбандыққа шалатын істер болғанын айтады. Сондықтан бес баланың әкесі болып табылатын Қалиевтің мәселесін мұқият зерделеуге бел шеше кіріскен. Сол сәтте бірқатар масқара жағдайлардың беті ашылған.

«Ең бастысы, Қалиев жәбірленушіні танымайды, дегенмен кісі өлтірудегі бұл басты мотив болып табылады. Ол онымен бірге арақ ішпеген, демек кісі өлтіретіндей жағдай туындамаған. (Ол жәбірленушіге не үшін келді – аргументі қандай)? Қалиев мас күйінде басқа подъезге кіріп кеткен! Жәбірленушінің пәтеріне кірмеген, бірақ тергеушінің сұрауы бойынша ол пәтерге кіріп, мәйітті көргенін айтқан! Бұл оның айғақтарымен расталады, бірақ осы айғақтарды талдау кезінде дәлелдемелерді бұрмалау және қолдан жасау орын алған деп айтуға болады. Бұл, ең алдымен, жәбірленуші Б.А. Шектің мәйітіне жасалған сот-медициналық сараптама, биологиялық сараптаманың қорытындысы, саусақ ізінің қорытындысы, подъезге кіру кезін тіркеген бейнежазбамен дәлелденеді. Жалпы, барлық айыптау жанама дәлелдерге негізделген, ең бастысы, бұл арада Қалиевке қатысты дәлелдемелер бұрмаланғанына баса назар аударуды сұраймыз», - дейді адвокат Байтенов.


Адвокат Байтенов Т. М

Адвокаттың айтуынша, бұрмаланған жағдайлар мыналар:

  • бұл - жәбірленуші Шектің қаза болу уақытына қатысты. Оны пәтерден жедел жәрдем дәрігерлері алып кеткені, одан соң оған Қонаев қалалық ауруханасының дәрігерлері көмек көрсеткені туралы факт бар, бірақ егер жәбірленуші жан тапсырған болса, олар оған қалай көмек көрсетеді? Ол кезде марқұмның тірі болғанын өз қорытындысында сарапшы Жолдасбаев та растайды, ол мәйіт сойылған сәттен бастап өлім шамамен бір тәулік бұрын болғанын көрсеткен (өлім уақыты таңғы 11:00 шамасында). Ал Қалиевке сағат 23:00-де кісі өлтірді деп айып тағылып отыр.
  • бұл - биологиялық қорытынды, онда сарапшы Қалиевтің киімі мен Шекке қарама-қарсы тұратын, көрші Каменскийдің пәтері есігіндегі іздер жәбірленушіге тиесілі екенін нақтылайды. Алайда, осы дәлелдемелер бұрмаланған, әрине Қалиевтің пайдасына емес. Қалиев көрші Каменскаяның есігіне 2023 жылы 4 наурызда сағат 23:00 шамасында қолын қысып алған кезде жарақат алды, бұл жайтқа байланысты Каменскаяның полиция шақыруымен және оның есігінен қан іздерін алынуымен расталады.
  • саусақ іздеріне жүргізілген сараптама қорытындысында Қалиевтің оң қолының ортаңғы саусағының ізі есіктің кіре берісінен табылған деу арқылы тергеуші сотқа Калиевтің пәтерге кіргенін дәлелдеу үшін әдейі жасаған, алайда бұған қатысты қылмыстық жауапкершілік барын білген ол мұны мойындаудан бас тартты. Бұл жағдайлар Қалиевтің айтқанына сенуге, керісінше тергеуші фактілерді Қалиевке қарсы бұрмалауға жол берді деуге негіз бола алады. Пәтерге кірген жағдайда Қалиев жуынатын бөлменің әйнек есігін кері шегініп келіп, оң қолымен ұрып сындыра алмас еді, өйткені есік Қалиевтің сол жағында орналасқан. Сондай-ақ, пәтерде қан іздері көп, жиһаздар төңкеріліп жатыр, алыс-жұлыстың болғанын білдіретін белгілер бар. Мұндай жағдайда қолы қансыраған Қалиев қылмыс орнында біршама іздер қалдырар еді. Сондай-ақ, жәбірленуші Шектің заттарында, киімдерінде Қалиевтің қан іздері табылмағанына, Қалиевтің қолында сырылу, жырылу жарақаттары жоқтығына және оның етігінің табанында қан іздері болмағанына баса назар аудартқымыз келеді.
  • Қалиевтің подъезге кірген сәтін таспалаған бейнематериал монтаж болып шықты әрі ол түпнұсқа болып табылмайды.Ммұны тергеуші мен куәгер Құрманов қаладағы ЖБО камераларында тіркелген уақыт бойынша әйкессіздіктер барын айта отырып, растады. Сонымен қатар видеодан оның подъезге кірген кезі кешқұрым уақыт, ал шыққан кезі таңертең екенін аңғаруға болады. Бәрінен айырықша факт, адвокаттың жолдаған сауалына берілген жауапта жедел тергеу тобы ауруханадан сағат 00: 20-дан Шектің өлгені туралы хабар түскен соң оқиға орнына аттанды делінеді. Оған қоса патрульдік қызметкерлер де осы уақытта шыққаны айтылады, өйткені қоңырау бір кезде ғана болған. Сондай-ақ, айыптау актісіне сәйкес, Қалиев сағат 23:00 шамасында Шекті өлтірген, алайда, шынтуайтында көрсетілген уақытта ол көшеде болып, сағат 00: 20-дан кейін келуі тиіс полиция қызметкерлерімен сөйлескен.
  • жедел жәрдем мен аурухана дәрігерлерінен тергеу барысында және сотта сұрақ-жауап алынбаған, осы жағдайлардың барлығы Қалиевтің қылмыстық қудалау орбитасына әдейі тартылғанын көрсетеді.

«Қалиевтің кісі өлтірмегенін айғақтайтын барлық дәлел бар және біз оны мүдделі адамдар мен органдарға беруге дайынбыз. Каменская Қалиевтың өз есігін қағып, тыныштықты бұзғанын хабарлау үшін полицияға қоңырау шалды! Қалиев Шекті өлтірді делік, одан соң ол қандай мақсатта Каменскаяның есігін қағады, ол өзін көріп, Шекті өлтіргенін полицияға хабарласын деп пе? Оның үстіне №304 пәтердегі Каменская немесе оның жұбайы есікті қатты жапқанда Қалиевтің оң қолындағы саусағы есікке қысылып қалып, қанайды. Оқиға орнын тексеру кезінде бұл есіктен де биологиялық іздер алынады, тура осы кезде Қалиевтің үстіндегі киімі де қан болады, онда да өзінің қаны. Осыған сәйкес, біз мынаны анықтадық: жүргізілген сот-биологиялық сараптаманың объективтілігі күдік туғызады, өйткені онда Қалиевтің заттарынан және № 304 пәтердің есігінен, керісінше жәбірленушінің қаны табылғаны айтылады», деп нақтылайды адвокат.

Ал мұны айыптаушы тарап Қалиевты жәбірленушінің пәтеріне кіргендей етіп көрсету үшін істеген болуы мүмкін.

  • Жәбірленушінің оң жақ қабырғалары сынған: иықтың астындағы үшінші, төртінші, кеуде тұсындағы жетінші, оныншы, қабырғалардың беткі қабаты қатты зақымданған, сыну кезінде қан кеткен және тағы басқасы.

Алайда, денедегі осындай белгілер ескеріле отырып, мәйітті сою үшін үстелге қойылған кез, яғни медициналық тексеру басталған уақыттан бастап өлім әлдеқайда ерте, яғни шамамен бір тәулік бұрын болғаны анықталып отыр!

Қорғаушы тарап соттан мыналарды сұрады:

  • № 97 сот-медициналық сараптаманың даулы, яғни қарама-қайшылыққа толы болуына байланысты Шеканың денесіне комиссиялық сот-медициналық сараптаманы тағайындауды;
  • сот-биологиялық сараптаманың қорытындысындағы елеулі қайшылықтар мен қорытындыларға байланысты тәркіленген заттай дәлелдемелер бойынша сот-молекулалық генетикалық сараптаманы тағайындауды;
  • Қалиевтің ұялы телефонынан оның орналасқан жерін анықтауды (биллинг, мәліметтер жадысы);
  • Шеканың денесін жеткізген қалалық аурухана мен жедел медициналық көмек дәрігерлерінен жауап алуды.

Алайда, өкінішке қарай, «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» дегеннің керін келтіріп, бірінші сатыдағы соттың, апелляциялық сатыдағы соттың және ҚР Жоғарғы сотында адвокаттың осы ұсыныстары да, дәйектері де ескерілмей, Советқазы Қалиевке қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылып келеді. Сондықтан жазықсыз сотталушы адам ретінде ол қоғамға және ел Президентіне жүгініп, өзіне қатысты әділдіктің орнауына ат салысуын сұрайды.

Кәмшат Сатиева


Рекомендовать
Последние новости