Көңіл қуантқан келісім

Dalanews 24 окт. 2017 15:40 912

Шымкенттік «ROTO-PRIME» ЖШС директорының орынбасары Дәулет Сүйінтаев қазақ-қырғыз сауда-экономикалық байланысына қатысты өз пікірін білдірді.



Қазіргі уақытта Қырғызстанда экономиканың әр түрлі салаларындағы 400-ге жуық қазақ-қырғыз кәсіпорындары жұмыс істейді. Соңғы рет қырғыз ағайынның бастамасымен ұйымдастырылған кездесудің соңында жұмыс тобы құрылып, оны қос мемлекеттің бірінші вице-премьерлері басқаратын болды. Екі ел Премьер-Министрлерінің кездесуінен кейінгі келісімдер көңілді қуантты. Оның ішінде, айту керек Қазақстан Қырғыз экономикасына 800 млн доллар инвестиция салған. Ал тауар айналымы соңғы жеті айдың қорытындысы бойынша 28 пайызға өскен.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қырғызстан Республикасымен сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-шілде аралығында $399,2 млн-ды құраған, сондай-ақ, өткен жылдың осы кезеңімен ($311,6 млн) салыстырғанда 28,1%-ға ($87,6 млн) ұлғайған.

Мұның барлығы кәсіпкерлер мен елдің әл-ауқатының түзелуіне оңды ықпалы мен әзерін тигізетіні анық деп білемін. Бастысы Қырғыз еліндегі әріптестерімізбен байланысымыз одан әрі нығай түсетініне сенемін.

Рекомендовать
Последние новости