Түркістанда латынға көшу тақырыбы талқыланды

Dalanews 24 окт. 2017 15:45 861

Бүгін Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің оқытушылары мен студенттер қауымы латын графикасына көшудің тиімділігін туралы әңгіме өрбіді. Осы орайда, қоғамның талқылауына түскен латын әліпбиінің Ақордада ұсынылған нұсқасын ұжым болып тақылады.



Жиын барысында баяндама жасаған «Инженерия» факультетінің оқытушысы Нұрбай Досанов бүгінгі еліміздің саяси, экономикалық, ғылыми, халықаралық маңызы бар мәселелер тоғысында, интернет пен ұялы байланыстардың жазармандары мен қолданушылары, әсіресе жастар латын тілінің қажеттілігін ерте түсінгенін алға тартты.

– Түркі тілдес елдер үшін латын графикасын енгізу арқылы біздер, бүкіл дүниежүзіндегі қазақ халқын біріктіру идеясын жүзеге асырамыз.  Латын графикасындағы қазақ әліпбиіне көшудегі ұтарымыз, батыстық дамыған мемлекеттермен тереземіз теңесіп, түркі әлемімен ақпараттық-мәдени интеграциямыз нығаяды және еліміздің білім деңгейі әлемдік білім деңгейіне көтерілуіне, бастауыш сатыда оқу жүктемесінің азайып, білім сапасының артуына жаңа мүмкіндіктер туады. Өйткені қазіргі өзгермелі, ақпараттық коммуникациялық заманда латын әліпбиіне негізделген сауат  ашу қажеттілігі туындап отыр, – деді «Инженерия» факультетінің оқытушысы Нұрбай Досанов.

Жиын барысында осы айтылғандарды негізге ала отырып, қазіргі ақпараттық заман талабына сәйкес латынға негізделген ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, сауат ашу оқулықтарын, оқу әдістемелік құралдарын құрастыру қажет екені айтылды.

– Латын қәрпіне байланысты көшуді көптен бері қоғам және мемлекет қайраткерлері айтып, бастама көтеріп келеді. Латын әліпбиіне көшу, қайта жаңғыру заманындағы еліміздің, мәдениеттің, тілдің дамуына, қолданысын кеңейтуге күшті әсер етеді, қазақ тіліне айрықша маңыз беріп, қайтадан жаппай оқуға себеп болады.  Түбі бір түркі жұртының рухани үндесуіне, латын қарпі жарқын жол ашады, – деді оқу әдістемелік істер жөніндегі декан орынбасары PhD,. доцент   Дінмұхаммед Келесбаев.

 

 

Рекомендовать
Последние новости