Көкпекті ауданында жергілікті кәсіпкерлер 19 тыныс алу аппаратын сатып алды

Dalanews 23 июл. 2020 04:24 868

«Бірлесе көтерген жүк жеңіл» дегендей, ел басына күн туған кезде көкпектілік мейірімді азаматтар жерлестеріне қолдау танытып отыр.




Аудандық ауруханаға жалпы саны 19 өкпені жасанды желдету аппаратын сатып алып, қолданысқа берді. Оның әрқайсының құны 500 мыңға жуық. Бұдан бөлек 8 бобров аппараты, 4 млн-ға провизорлар мен госпитальдерге қажет құрал-жабдықтар сатып алынды. Қазақстандық кәсіпкер, Көкпекті ауданының тумасы Айдын Рахимбаев 11 млн теңгеге аудандағы екі ірі ауруханаға қажетті медициналық препараттарды жеткізді.

– Қазір бүкіл әлемде таралған коронавирус індеті әрқайсымызға оңай соғып отырған жоқ. Біз, қазақ халқы, өте бауырмал және жанашыр халықпыз. Соның нәтижесінде ауызбіршілік танытып, бұл қиын кездерді бірге жеңеміз деп ойлаймын. Әрбір жағдайы бар азамат, кәсіпкер барынша көмек көрсетсе, індеттің таралуын тоқтатып, науқастарға да уақтылы көмек көрсетілетіні белгілі, - дейді ел ағасы.

Самар және Көкпекті ауылдарындағы ауруханаларда тәулік бойы кезекшілікте жүріп, науқастарды емдеп, індетпен күресіп отырған дәрігерлерге жергілікті кәсіпкерлер тегін тамақтану жүйесін қолға алды. Күнделікті ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, өз ризашылықтарын білдіруде.

Рекомендовать
Последние новости