Клиптің сәтті шығуына сәби кедергі келтірген

Dalanews 15 мар. 2017 16:38 936

Мөлдір Әуелбекова «Туған ел» атты бейнебаянын небәрі жарты күнде түсірген. Одан бөлек, үйде 3 айлық баласы күтіп отырғандықтан, киімге де, шаш үлгісіне де өзі таңдау жасамаған. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ұзақ уақыттық декреттік демалыстан кейін Мөлдір Әуелбекова қызу жұмысқа кірісті. Ұлы небәрі 3 айға толғанда бейнебаян түсірген әнші оның шикі шыққанын мойындады. Оған бірнеше себеп бар көрінеді.

– Асығыс жарты күнде түсірілген бейнеклип. Босанып 3 айда қатарға ену қиындау екен, сонда да қоймай түсірдік! Клипке киетін киімдерді түсірілім алаңында бір-ақ көрдім! Шаш үлгісі мен бет әрлеуді бірнеше рет өзгертуге дым уақыт болмады! Биді сол жерде жаттадым! Ең маңыздысы асыққан себебім – үйде 3 айлық құлыншағым күтіп отырды! – деп жазады Мөлдір желідегі парақшасында.

Әнші келесі бейнебаянға дайындалып жатқанын жасырмады. Ол ендігі бейнеклипке асықпай дайындалатынына уәде берді.

Есте болса, бұған дейін Мөлдірдің “Туған ел” атты бейнебаяны туралы жазған едік.

Рекомендовать
Последние новости