Кірме сөздерден арыламыз

Dalanews 18 окт. 2017 17:41 776

«Руxани жаңғыру жаңа дәуір бастауы»  атты Алматы облысының жұмыс тобы мүшелері  Есік қаласындағы Тұманбай Молдағалиев атындағы Мәдениет үйінде «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшуі – өркениетке жол ашады»  атты тақырыпта аудан xалқымен басқосу өткізді.

Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев ашып, Елбасының «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды баян етіп, бағдарламалық мақаладағы қазақ  тілін  латын әліпбиіне көшіруге қатысты ойын да айтты.
Халықпен басқосуда сөз алған топтың белді мүшелері І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сайлау Қожағұлов, философия докторы Айна Раxимова   қазақ тілін латын әліпбиіне  көшіруге қатысты оң көзқарастары мен  тұжырымды ой пікірлерін  білдірді. Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға  жауап берді.

Жиында Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Анастасия  Везнер қазақ тілін латын әрпіне көшіруге қатысты ойын білдірді.

– Латын әліпбиіне көшу  – қазақ халқының  алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу  кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ, – дейді.

Жиынға қатысушы   жастар тарапынан «латын графикасына көшуде өлеңдегі  ұйқастан  айырылып қалмаймыз ба?» деген   сауал қойылды. Бұл тұрғыда философия докторы Айна Маратқызы  ондай қауіптің болмайтынын айтып, нақты түсініктеме берді.

– Біздің сөзіміз өзгермейді, біздің дыбысымыз өзгермейді, біздің тіліміз де өзгермейді. Өзгеретіні  тек жазуымыз ғана , – деді ол.

Осы жиында сөз алған  ақын, облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай  Оспанұлы латын әліпбиіне көшуге қатысты  көпшілік қойған сауалдарға   өлеңмен жауап  қайтаруды ұйғарды.

Кері пікір ойыңды көктетпейді,

Алғыр ұрпақ биікке жетсек дейді.

Қазақ елі латын тіліне көшсе егер,

Рүстем   «Руистем» болып кетпейді.

 

Демеймін жастар сөзін майдалады,

Алғыр жас болашаққа сай болады.

Қазақ елі латынға көшкен күні

Алфия  Әлфиаға  айналады.

 

Құдайға шүкір, алға қарай көш жүреді,

Көш жүрген сайын елге ес кіреді.

Қазақ елі латынға көшкен күні,

Асель деген бізге  Әсел  болып  естіледі.

«Қазақ тілін латын әліпбиіне көшуі – өркениетке жол ашады»  атты тақырыпта өткен  басқосу  аудан  өнерпаздарының  концерттік бағдарламасына  ұласты.

Рекомендовать
Последние новости