Кейбір ауылдарға ауыз су шектеп беріледі

Dalanews 17 нояб. 2021 04:10 844

Алдағы уақытта бірқатар ауылда судың мөлшері есептеліп, әр отбасыға сараланған тариф енгізілмекші. Ауыз су енді шектеп берілуі мүмкін, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұған ауылдағы ауыз судың тапшылығы себеп болған. Тапшылық әсіресе Қостанай, Жамбыл, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалған. Елде екі мыңдай ауылдың 700 мыңнан астам тұрғыны суды дүкеннен сатып алып ішуге мәжбүр.

Тіпті кейбір елдімекендерге әлі күнге дейін құбыр жүргізілмеген. Министрлер кабинеті мәселені 2025 жылы шешуді жоспарлап қойыпты. Онда да 800-ге тарта ауылға су тартылмақ. Ал бірқатар өңірлерде құбырларды кеңейтеді. Оған тағы бюджеттің миллиардтары қажет.


– Мысалы, Ақмола облысының Қараөткел ауылында іс жүзінде 300 мыңға жуық адам тұрады. Ал 2018 жылы салынған су құбырлары тек қана 8 мың адамға арналған. Мұндай ауылдарда су құбырлары желілерін кеңейтуге бюджеттен 40 миллиард бөлу қажет, – дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Рекомендовать
Последние новости