Ержан Бабақұмаров ҮЕҰ-мен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

Dalanews 17 нояб. 2021 09:27 942

Алматыда қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен өткен Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесте азаматтық секторды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойына орайластырылған «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылы» X Азаматтық форумы қарсаңында өтті.

Кеңес отырысы барысында ҮЕҰ мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мегаполисті дамытудағы азаматтық сектордың маңызды рөлін талқылады.

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Д. Есдәулетов азаматтық сектормен өзара іс-қимылды нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, қоғамдық маңызы бар және әлеуметтік жобаларды бірлесіп жүзеге асыру туралы қалалық білім, мәдениет, спорт, туризм, қоғамдық денсаулық, әлеуметтік әл-ауқат, дін істері, кәсіпкерлік және инвестициялар, креативті индустрия және жасыл экономика басқармаларының басшылары баяндады.

Кездесуге қатысушылар көтерілген мәселелерді шешу бойынша пікір және ұсыныстар алмасты. Алматы мәслихатының депутаты, «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ директоры А.Көбеева, «Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы» ҚБ директоры Ж. Асанова, «Қоғамдық жоба» мекемесінің директоры А. Братенков өзара іс-қимыл туралы өз ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелері - ҮЕҰ өкілдері «Аман-саулық» ҚҚ президенті Б. Түменова, «Мен алматылықпын» ҚҚ директоры К. Авершин, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Ауғанстандағы соғыс және жергілікті әскери қақтығыстар ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы М. Абдушкуров, «Қазақстанның балалар үйлері түлектерінің қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы ЗТБ президенті Р. Гасанов, «Алматы қалалық мүгедектер қоғамы» ҚБ төрағасының орынбасары У. Іңкәрбеков, «Ұлттық Медициналық Ассоциациясы» РҚБ президенті А. Садықова, «педагогика ғылымдары академиясы» ҚБ басқарма төрағасы Ә. Құсайынов.

Отырысты қорытындылай келе, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров әкімдіктің мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Әлеуметтік бастамаларға қолдау көрсету практикасы жалғасатын болады.

– Мұндай өзара іс-қимыл және қолдау әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың, диалог пен жауапкершілік мәдениетін дамытудың маңызды шарттары болып табылады. Айтылған ұсыныстар мемлекеттік органдар тарапынан қолдау табады, – деп Ержан Бабақұмаров іс-шараға белсенді қатысқаны үшін Кеңес мүшелеріне алғысын білдірді.

Рекомендовать
Последние новости