Керекудегі Кутузов көшесі Назарбаев деп өзгере ме?

Dalanews 16 февр. 2018 10:11 787



Бұған керекуліктер қалай қарар екен? Керекудегі қазақтілді қауым құптаса құптайтын болар, орыстілді орта шала бүлініп жүрмей ме? 




Естуімізше көшенің атын ауыстыруды облыс әкімі Болат Бақауовқа бір кездегі Павлодар қаласының әкімі, әзір өңірдегі қоғамдық кеңестің төрағасы Александр Рюмкин ұсынған екен. 

Улицу Кутузова в Павлодаре предлагают назвать в честь Назарбаева

 

"Кутузов көшесінің өңі өзгерген қазір. Жалпы қаланы көркейтуде көп іс атқардыңыз.  Алматыдағы Фурманов көшесінің аты Назарбаев деп өзгерген еді. Шымкентте де осындай бастама көтерілген. Біз қалысамыз ба? Керекудегі ең көрікті деген көшеге Назарбаевтың атын неге бермеске" – дейді Рюмкин.

Облыс басшысы Бақауов та Рюмкинмен келісіп отыр. Ойланайын депті. 

"Жалпы бұл мәселеге байқап келу керек. Өзіңіз де білесіз Кутузов көшесінің атын өзгерту әуелден айтылып жүр. Өз басым бұл идеяны қос қолдап қолдаймын", – дейді Бақауов. 

Кутузов – Керекудегі ең ұзын көше. 1812 жылы патша үкіметінің тұсында берілген екен бұл атау. 
Былтыр Керекудегі Ленин көшесінің аты Астана деп өзгертілген. 


Рекомендовать
Последние новости