Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері екі айда 8 бірдей көпбалалы отбасыға үй сыйлады

Dalanews 26 апр. 2019 06:07 1012

Бүгін Алматы облысы Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері тағы да екі отбасыға баспана сыйлады. Жаңа шаңырақ иелерінің екеуіде жалғыз басты аналар. Бірі 3 кішкентайды, екіншісі 7 бірдей баланы бағып отыр.

Сарыбұлақ ауылының тұрғыны, 7 баланың анасы Мейрамгүл Бәйсеитоваға, осы ауылда орналасқан "Сарыбұлақ" шаруа қожалығының басшылары 4 бөлмелі үйді сатып әперген.

– Осы күнгедейін 7 баламен баспанасыз, жалдамалы  пәтерде тұрдым. Екі балам оқу оқиды,  5 балам мектепте. Жалғыз өзімнің қолымнан келгенінше тырмысып, балаларымды жеткізіп келемін. Ендігі өзіміздің үйіміз бар. Бұл біз үшін үлкен көмек болды. Қожалық басшылығына алғысым шексіз, – дейді көпбаланы батыр ана көзіне жас алып.

Сонымен қатар,  Алтынемел  ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің  бас директоры Халық  Оңғарұлы,  Сембай Гүлсанат есімді жалғызбасты ананы үш бөлмелі кең үйге кіргізді.

– 6 жылдан астам уақыт жалдамалы пәтерде тұрдым. Кіші балам енді ғана 3-ке толды, екі балам мектепте оқиды. Туған-туыстың және осындай зиялы азаматтардың арқасында күнімізді көріп жүрміз, – деді жас ана.

Айта кету керек, ауданда наурыз айында бастау алған қайырымды шара осымен 8 бірдей отбасыны баспаналы қылды. Бұл шара әлі де жалғасын таба бермек дейді аудан белсенділері.

 

 

Рекомендовать
Последние новости