Кербұлақ ауданында «Алғыс айту - адамдықтың белгісі» атты салтанатты іс-шара өтті

Dalanews 04 мар. 2021 08:29 1089

1 наурыз күні Әбікен Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған “Алғыс айту-адамдықтың белгісі” атты салтанатты іс-шара өтті.
Жиынды Кербұлақ ауданының әкімі Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы ашты. Шара барысында ауданға еңбегі сіңген бірқатар сала мамандары аудан әкімінің «Алғыс хатымен» және аудандық «Nur Otan» партиясының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Жиынға «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрқадыров Серік Нұрқадырұлы және Доланалы ауылының тумасы актерТазабеков Орынбасар Халықбайұлы қатысты.
Шұғылалы көктем айының алғашқы күні «Nur Otan» партиясының, Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні және бірлік пен келісімді айқындаған – «Алғыс айту» күні аталып өтілді.


1999 жылдан бері партия жылынамасына алтын әріптермен жазылған Партия күнін атап өту игі дәстүрге айналды.
«Nur Otan» партиясы – еліміздің қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия, жетекші саяси күш.
2021 жыл үлкен саяси науқандармен басталды. Сайлау өтті, барлық денгейдегі әкімдер тұрғындар алдында есептерін берді, жоспарларын бекітті.
Кербұлақ ауданының 30 780 электораттың 90,8% сайлауға қатысты. Сайлаудың қорытындысы бойынша күреңбелдіктердің 91,6 пайызы «Nur Otan» партиясына дауыс берді.
Нәтижесінде аудандық мәслихаттың 13 депутатының 12-і «Nur Otan» партиясының мүшесі. Бұл сайлаушыларымыздың партияға деген сенімі.
"Сіздерді саяси науқанға қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Белсенді қатысқан ардагерлерге, зиялы қауымға және жастарға ризашылығым зор. Сіздер еліміздің болашағы үшін дауыс бердіңіздер", - деді аудан әкімі Ғалиасқар Сарыбаев.


Тағылымы кемел, мазмұны терең Алғыс күнінің ерекшелігі де сол тарихи тағдыры ортақ, болашағы біртұтас халқымыздың бір-біріне сүйіспеншілігін, ықыласын, шынайы разылығын білдіріп, құрмет тұтуы болып табылады.
Депортация жылдары Алматы облысы миллионға жуық қоныс аударушыларды қабылдады. Оның ішінде Кербұлақ ауданына 27 ұлыс пен этностардың өкілдері қоныстанды.
Күреңбел өңірінің халқы да бірлігі бекем, болашағы нұрлы, келешегі кемел, тарихы терең, жайсаңдардың өлкесі.
Бүгінгі күні мерекені қарсы алып отырған 27 ұлт өкілдері ауданымыздың мақтанышы, бірлігіміздің мызғымас кепілі.
Алғыс айту күні – барлық азаматтардың бір-біріне құрмет көрсететін күні.


Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады.
Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес.
Қайырымдылық, имандылық, мейірімділік, бауырмалдық,- деген ұстамдар біздер үшін әрқашан жоғары болған, болады да.
Біздің ауданымыз мәдениет пен өнердің, білім мен ғылымның ошағы. Оған дәлел, аға буын, зиялы қауым Рахметбай Төлеубаев, Гүлжамал Қазақбаева, Тоқсын Құлыбеков, Бейсен Құранбек, Жексенбаев Жанғазы, Шакаров Бауыржан секілді аға-әпкелеріміздің жолын жалғастырып келе жатқан азаматтарымыз баршылық.
Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында, көктемнің алғашқы қуаныштың шуағы шашылған күніңде ауданымыздың қара шаңырағы Әбікен Сарыбаев атындағы мәдениет үйінің жанынан «Театр» ашылды.


Жиын соңында іс-шараға қатысушылар театр қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақиық ақын, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай, «Қош, махаббат!» қойылымын тамашалады. Қойылымға Алматы облыстық драма театрының режиссері Ахметов Ұлан Жолдасбекұлы жетекшілік етті. Қойылым соңында, әртістерге аудан әкімінің ықылас гүлі табысталып, көрермен қошеметіне ие болды.
Басты рөлді сомдаған Мөлдір Иманмади: "Бұл бірінші рет енді мектеп қабырғасында университет қабырғасында сахнада шағын қойылымдар қойғанбыз бірақ осы аудан көлеміндегі бұл облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан театрда ойнау мен үшін ол үлкен құрмет, қаңтар айынан бері қарай екі ай уздіксіз күнделікті дайындалдық", - деді.
Аудан тұрғыны Зәуре Ахметкалиева: "Біз енді бұрын Талдықорғанға барып көріп журетінбіз театрды енді ондай қажеттілігі керек емес ауданымызда бүгін ашылып жатқан театрға өте қуаныштымыз, енді өз ауданымызда көреміз,аудан халқына бүгінгі күн өте қуаныш сыйлап жатыр рахмет үлкен көп-көп", - деп өз қуанышымен бөлісті.
Сонымен қатар, жақын арада Шоқан ауылының мәдениет үйіне Базарбаев Игібай атамыздың есімі берілетін болады.
Биылғы жылы ауданымызда 51 жобаға жеткілікті қаржы бөлінді.
Облыс әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлының қолдауымен Сарыөзек ауылында емхана, 50 пәтерлі үй, өнер мектебі, саяжай салынатын болады.

Кербұлақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


Рекомендовать
Последние новости