Кентаулық  жастар 1 млн. теңге грант ұтып алды

Dalanews 28 июл. 2017 07:33 786


Қазақстанда алғаш рет қолға алынған «Жастар корпусын дамыту» жобасына Кентау қаласынан 18 жоба іріктеліп алынып, 1 млн. теңге грант ұтып алды. Жас проект жобасының А және С тобына өткен жастар 9 болса,  В тобына өткен жастар 9 азаматты құрады. 


А тобының қатысушыларына өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және жобаларды басқару бағдарламасына қатысу, сондай-ақ өзінің кіші жобасын грант есебінен іске асыру, ментордың қолдауын алу мүмкіндігі беріледі. Ал, В тобының қатысушылары грант есебінен өзінің жеке  жобасын іске асыру мүмкіндігін алса, С тобының қатысушылары өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және жобаларды басқару бағдарламасына қатысу, ментордың қолдауын алу мүмкіндігіне ие болады. 


Кентау қаласынан грант иеленген жобалардың басым көпшілігі медициналық массаж және тренажер залы, құс фермасы, кондитерлік, мал шаруашылығы, ағылшын тілі клубы, шаштараз, тігін шеберханасы, ұлттық нақыштағы сөмке тігу мен брайн кітабы сынды жобалар болып келеді.


Жобалар бойынша қатысушылар 5 ай көлемінде шәкіртақымен және қайтарымсыз грантпен қамтамасыз етіледі.


Жастарға мол мүмкіндік беретін бұл жобаны ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі бірлесе жүзеге асыруда. Мақсаты - жастарды әлеуметтендіру, әсіресе аз қамтылған халық тобын қоғамдық пайдалы істерге жұмылдыра отырып, ынталандыру.


Аталған жоба Қазақстанның 4 өңірінде, яғни, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумақтарында екі жылдық пилоттық жоба аясында жүргізілетін болады.


Рекомендовать
Последние новости