Кентауда өсер ұрпақты өнерге баулитын үйірмелер көбейіп келеді

Dalanews 13 дек. 2018 05:44 1029

Кентауда Елбасы "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласына арналған ерекше фестифаль өтті. 


Фестиваль қонақтары мен қазылар алқасын Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев арнайы қабылдап, аймақтың тыныс-тіршілігі жөнінде әңгімеледі.


Елбасы Жолдауынан бастау алып, Отанды сүю бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай  сақтау, өз үлесіңді қосып дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат ету мақсатында ұйымдастырылып, оған қалалық этно-мәдени орталықтарының өкілдері мен ардагерлері қатысты. Ұлттық киім ақсақалдар бата беріп, ақ кимешекті әжелер шашу шашса, ұлттық аспаптарда сүйемелдеумен ән салған өнер ұжымдары арнайы дәліз жасап, қонақтарды қарсы алды.


     Фестивалі аясында «Ынтымақ» алаңында би үйірмелерінің «Рухани жаңғыру», «Нұрлы жол» флэшмобы және цирк өнері көрсетілсе, мәдениет үйінің фойесінде С.Бәйтереков атындағы саз мектебінің оркестрі күй орындап,  «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қаратау шежіресі, киелі жерлер, географиялық ерекшеліктерін айқындайтын арнайы стенд көрмелер ұйымдастырып, таныстырды.


Сонымен қатар, «Шабыт» және «Шығыс ырғақтары» би топтары «Астана», «Кентауым» әндерін сан түрлі қимылмен көркемдеп мың бұралса,  «Қарнақ дури - наби» фольклорлық ансамблі алғаш рет сахнаға шығып өзбек ұлттық күйлерінен «Попурри» орындады.
Концерттік бағдарламада 33 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан «Ардагерлер» хоры С.Қуашбайдың сөзіне жазылған А.Асановтың «Мәңгі ел үшін» әнімен айрықша әсер қалдырды.


Шара барысында Жақсылықовтар отбасылық ансамблі С.Бәйтерековтің әндерінен попурри орындаса, драма үйірмесінің қатысушылары «Үш достың бастан кешкендері» атты сатиралық қойылым көрсетіп, егемен елдің "Рухани жаңғыру" тарихи жылнамасы аясындағы айрықша қадамы, тағылымды істері, Кентау қаласының бүгіні мен болашақ келбеті сахна безендіруден бастап, әндер мен жыр-термелерден де кеңінен насихатталды.


Фестиваль соңы Кентау қаласындағы мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет үйлері мен клуб меңгерушілері, үйірме жетекшілері мен өнер ұжымдары қатысқан баспасөз конференциясымен қорытындыланды.


Рекомендовать
Последние новости