Кентау. Қарнақ ауылы тұрғынының үй ауласынан ашқан зообағын ауылдастары тегін тамашалауда

Dalanews 14 июн. 2023 05:05 1490

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Әбдірахым Қошқаров үйінде ерекше аң-құстары бар зообақ ашқан, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда жануарлардың 30-дан аса түрі бар. Түлкі, қоян, түйеқұс, тауыс, бүркіт, қаз-үйрек, тауықтың сан түрін көре аласыз.

Зообақ иесінің айтуынша, аңдар саны күн сайын артып келеді.

– Қазір зообағымызды толықтырып, франциялық, англиялық, голландық ешкілерді алдыртып жатырмыз. Олар күніне 5-6 литрге дейін сүт береді. Бір ерекшелігі – зообақ барлық келушілерге тегін.

Бүгінде тек ауыл тұрғындары ғана келіп жатыр. Алдағы уақытта хайуанаттар қатарын көбейтіп, зообақтың ресми ашылу салтанатын өткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді зообақ иесі.

Рекомендовать
Последние новости